Page 12 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

12
12. Содан кейін тыныс (денеден) шықпақшы еді, ол, асыл тұқымды асау ат байлаудан
босанғандай, басқа денеден жұлып алды. Прандар оған келіп: "Мырза, қалғын, сен
арамыздағы ең жақсысын! Шықпағын" — дейді.
13. Соңынан оған сөз айтты: "Егер мен байысам, сенде байыр ақ боласың". Содан кейін
оған көз айтты; "Егер мен сүйеніш болсам, сенде сүйенішке жарайсың".
14. Содан кейін оған дыбыс айтты: "Егер менің сәтім түссе, саған да сәттілік оралады".
Оған қабаттаса ой айтты: "Егер мен паналыққа жарасам, сенде панасың".
15. Шынтуайтқа келсек, "сөз", "көз", "дыбыс", "ой" деп бөле айтпайды. Үйткені тыныс
бері ғой.
2.1. Ол (тыныс - ред.) айтты: "Менің азығым не болмақ?" Олар айтты: "Не десең де, тіпті
ит-құста болады". Андасақ, бүл тыныстың азығы екен. Байыбына барсақ, оның шын аты
— ана. Кім оны білсе, оған азық болмайтын ештеңе жоқ.
2.2. Тыныс айтты: "Менің жамылғым не болмақ?" Олар айтты: "Сулар!" Андасақ, алдымен
қоректенетін (азықты да), ақырында (жемтік) болатындарды да сулар қоршайды. Тыныс
одан жамылғы алады, жамылғысыз қалмайды. Егер кімде-кім айбындылықты аңсаса, ол
жаңа ай туғанда арнайы рәсім жасасын, ай толғанда түрлі түсті шөптерден айран мен бал
араластырған қосынды дайындасын, табынар отқа құрбандық майын құйып мынаны
айтсын: "Ұлықтар мен жақсылар — жасасын!" Соңынан қалғанын қосындыға төксін.
5. Ол құрбандық майын отқа құярда (дауыстап) табынсын: "Байлар — жасасын!" Содан
кейін ол қалғанын қосындыға төксін. Ол құрбандық майын отқа құярда (дауыстап)
табынсын: "Сүйеніш — жасасын!". Содан кейін ол қалғанын қосындыға төксін. Ол
құрбандық майын отқа құярда (дауыстап) табынсын: "Сәттілік — жасасын!". Содан кейін
ол қалғанын қосындыға төксін. Ол құрбандық майын отқа құярда (дауыстап) табынсын:
"Баспана — жасасын!" Содан кейін ол қалғанын қосындыға төксін.
6. Одан кейін баяу шегіне жөне екі қолында қосындыны ұстаған күйі ол мынаны айтады:
"Сенің атың — Ама, мұның бәрі де — сен де. Ама — көсем, беделді билеуші және жоғары
мәртебелі. Лайым, ол мені көсем, беделді билеуші және жоғары мәртебелі ете көрсін. Иә,
мен сондай бола аламын!"
7. Одан кейін Риг(веда) шумағының әрбірі (падасын) оқыған сайын ол (қосындыдан) дәм
татсын: "Біз Савитараны сұранамыз",— деп ол дом татады, "тамақтың құдайларын
сұраймыз" — деп ол дом татады, "ең құдіретті, бәрін жасаушыны сұраймыз" — деп дом
татады, "біз құдайдың тағдырына тәнтіміз" — деп ол бәрін ішіп қояды. Соңынан мыс
немесе ағаш ыдысын жуып-шайып, ол оттың батыс жағындағы теріге немесе жерге
отырып, өзін үнсіздікте ұстайды. Егер ол (түсінде) әйелді көрсе: "Менің қимыл-әрекетім
жарады" деп ұғынады.
8. Ол туралы өлеңнің екі жолында былай делінген: "Егер де біреу рәсім-салт кезінде ақ
ниетін (орындайтын), әйелді түсінде көрсе, онда ол бұл түс көруін сәттілік деп жорысын,
осындай түс көрсін".
18. (Уддаланидің өз баласымен екі әңгімесі)
Чхандогъя-упанишада, VI, 1-16