Page 128 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

128
Ұлы мәртебелі Өркендеуші патшалығын қызықтап жүрген кезде Өркендеуші
патшалығының Шекара Сақшысы айтады:
Ой, дана адам! Дана адам, саған ұзақ өмір тілеуге маған рұқсат ет!
Бас тартамын! — деп жауап берді Ұлы мәртебелі.
Дана адам, саған байлық тілеймін!
Бас тартамын!
Ұзақ өмірді, байлықты, көп ұлды әрі адам аңсайды. Неге сен жалғыз
ондайды армандамайсың? — деп сұрайды Сақшы.
Көп ұл көп мазасыздық,— деп жауап береді Ұлы мәртебелі. Байлықтың
әуресі көп, ал құмарлықтан масқараға тап боласың. Бүл үш (игіліктің)
көмегімен қайырымды адамды тәрбиелей алмайсың, сондықтан да мен
олардан бас тартамын.
Мен сені басында дана адам деп қабылдадым,— дейді Сақшы,— ал енді
байқаймын, сен қайырымды ер екенсің.
Табиғат сансыз көп адамдарды жаратты, оларға еңбек беру қажет. Егер көп ұл болатын
болса, олардың әрқайсысына еңбек беретін болса, онда мазасыздық қайдан келеді? Егер
байлық болатын болса, мейлі оны адамдар бөліп алатын болсын, онда қайдағы әуре
болады? Дана адам бөдене сияқты өмір сүреді емес пе, балапан секілді тамақтанады,
«атақтың» ізін қалдырмай құс секілді бір орыннан екінші орынға ауысады. Аспан астында
жол үстемдік құрып тұрған кезде (дана) барлық заттармен бірге өркендейді; Аспан
астында жол болмаған кезде, (дана) дырдумен (уайым-қайғысыз) қайырымдылықты
шындайды. Егер оны мың жылғы өмір шаршататын болса, онда ол ақ бұлтты ерттеп мініп,
өлмейтінге ұшып кетеді. (Оған), ата-баба мекеніне, үш қырсыққа жол жоқ Егер оның
тәніне ешқандай зиян келмесе, онда масқаралық қайдан болады? — сонда Сақшы тынады
да қалады.
Сұрауға рұқсат етіңіз... — деп, оның артынша, Ұлы мәртебелі бастайды.
Цзыди! — деп, Сақшы оған жауап береді.
Ұлы мәртебелі Аспан астын билеп тұрған кезде, ол Кемел жетілгенді бір патшалыққа
билеуші етіп қояды. Ұлы мәртебелі билікті Қорғаушыға береді, Қорғаушы Жас Айдаһарға
береді, міне сонда Кемел жетілген билеуші болудан бас тартады да, жер өңдеуші болады.
Жас Айдаһар онымен кездесуге жол тартады және оның жер өңдеп жатқанының үстінен
түседі. Жақын келіп, Жас Айдаһар одан төменіректен орын алады да, сұрайды;
Ертеректе Ұлы мәртебелі Аспан астын биледі және (сізді), менің ұстазым,
билеуші етіп қойды. Сұрауға рұқсат етіңіз, Ұлы мәртебелі билікті
Қорғаушыға, ал Қорғаушы билікті маған берген кезде, қандай себеппен (сіз),
менің ұстазым, басшы болудан бас тартыңыз да жер өндей бастадыңыз?
Ежелгі замандарда Аспан астын билей отырып, Ұлы мәртебелі ешкімді
марапаттамады, ал халық арасында бір-біріне кешірімді болды; жазаламады,
ал халық арасында бір бірінен сақтанды. Бүгін сен марапаттайсың өрі
жазалайсың, ал халық адамгершілікті жоғалтты. Осыдан бастап,
қайырымдылық төмендей бастады, осыдан бастап жазалау тарала бастады.
Осыдан бастап келесі ұрпақтың тәртіпсіздігі басталды. Кет! Менің жұмыс
істеуіме кедергі жасама! — Кемел жетілген жер жыртуға қатты кірісіп кетті
де, оған қайтып бұрылмады.