Page 127 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

127
А, жол! Қандай терең еді! Оның тұнықтығы қандай айқын еді! Онсыз
металл да, тас та дыбыс шығара алмайды. Металл мен тас дыбыс шығаруға
қабілетті, бірақ оларға тиіспесең дыбыс шығармайды. Сансыз көп заттардың
қасиетін анықтай алуға кімнің қабілеті жетеді екен, кәне?
Патшалық қасиетке ие болған адам өзін қарапайым ұстайды және іспен айналысуды ар
санайды; тамырымен және негізімен бекіп алып, ал қымбатқа қол жеткізеді. Сондықтан
оның қасиеті жалпыны қамтиды, ал оның жүрегінен шыққан нәрсені бүкіл сансыз заттар
қабылдайды. Өйткені жолсыз форма пайда болмайды, қасиеттерсіз өмір қалыптаспайды.
Тәнін сақтайтын, өмірді соңына дейін сарқитын, қасиетті бекітетін, жолды игертіп (адам)
патшалық қасиетке ие бола алмай ма екен. Шексіз кенеттен пайда болады, дамылсыз
қозғалады; бүкіл сансыз заттар кімнің артынан еретін болса, сол патшалық қасиетке ие
болған болып табылады. Алғашқы түнекке қарап тұрған (адам) үнсіздікті тыңдайды, біреу
алғашқы түнек таң шапағын көреді, біреу үнсіздіктегі үйлесімділікті ажыратады.
Сондықтан тереңнің тереңіне бойлай отырып, (ол) заттардың пайда болуын түсінуге
қабілетті болады; ең қымбат туралы ойлаған сайын, ол ұсақ (дүниені) игеруге қабілетті
болады. Соңдықтан бүкіл сансыз заттармен қарым-қатынас жасай отырып, ол
әрқайсысына түпкі атауын береді және бей болмысты игереді. Әркез де өтіп кетуге
асығады, бірақ өзіне қайтып келеді. Үлкен (ол үшін) кіші, ұзын – қысқа, алыс-жақын.
Аса мәртебелінің ұстазының есімі Ешкімнен Ұялмайтын деп аталды, Тіссіздің ұстазының
есімін Жасөспірімдердің тәрбиешісінің ұстазының есімі қамыс құрақтан шапан киген деп
аталды.
Аса мәртебелі Ешкімнен Ұялмайтыннан сұрайды:
Тіссізге Аспанмен Теңдес билік беруге бола ма?
Мен оны Жасөспірімдер Тәрбиешісі арқылы сұраймын.
Қандай (ол) қауіпті! Аспан астына қауіп төнетін болады! — деп Ешкімнен
Ұялмайтын жауап береді.
Тіссіз қалған бәрінен асып түседі емес пе. (Ол) қырағы, өткір көзді және
нәзік есту қабілеті бар, жылдам жауапты адам. Бірақ сонымен бірге адами
қасиеттердің көмегімен «жасанды жолмен» табиғилыққа «шынайылыққа»
ие болғысы келеді; қылмысты қалай жою туралы ойланады, ал бірақ
қылмыстың неден болатынын білмейді. Ондай адамға Аспанмен Тілдесетін
билікті қалай беруге болады! Ол табиғиды емес, керісінше, адамилықты
қолданады ғой. Оның үстіне (ол) өз күшіне негізделеді және басқаны жоққа
шығарады; тағы да ол білімді құрметтейді жөне оларды от сияқты тез
қолданады; сонымен бірге ол ұсақ-түйектің құлы; тағы да болса ол өзін
заттармен байланыстырады; және де жан-жағына жалтақтап, ол басқаның
растауын күтеді; оның үстіне әрбір адамның талабымен келісе береді;
сонымен қоса, заттармен бірге өзгеріп отырады және ешқашан тұрақты
болмайды. Сондықтан ол Аспанмен Теңдес билікке лайықты ма?
Дейтұрғанмен де оның ата-бабасы, ата-тегі бар, сондықтан оны барлық
«рудың, тайпаның» әкесі етуге болады, бірақ бүкіл әкелердің әкесі етуге
болмайды. (Ол) бүлікке басшылық етеді. (Оның) бетін солтүстікке қаратып
(қойсаң) — қырсықты тудырады, бетін оңтүстікке қаратсаң —
қарақшылықты туғызады.