126
кесірлі! Мен табиғи қасиеттердің алдында ұяттымын, сондықтан мен біріншісімен
мейірімділік пен әділдікке жаттығуға батылым бармайды және соңғысымен кеселге
берілуге шешіле алмаймын.
12-тарау АСПАН МЕН ЖЕР
Аспан мен жер теңдесі жоқ зор жаратылыс, бірақ олар бірқалыпты өзгеріп отырады.
Сансыз көп заттар, бірақ оларда бірыңғай тәртіп. Адамдар мен құлдар көп, бірақ олардың
қожайыны патша. Патша қасиеттерге негізделеді, ал табиғатпен жетіледі. Сондықтан да
мынандай сөз бар: "Көне дәуірлерде Аспан астын бір ғана табиғат қасиетімен әрекетсіздік
басқарды". Егер ағым заңына сүйенетін болсақ, онда "Аспан патшасы" сөзінің дұрыс
болғаны; егер айырмашылықты ағым заңына негізделе отырып қарастыратын болсақ, онда
патша мен оның көмекшісінің парызы түсінікті болған; егер ағым заңына сүйенетін
болсақ, онда әркім өз қабілетіне қарай істі игерді; егер ағым заңына негізделетін болсақ,
онда айналадағының бәрі заттардың көптігіне сәйкес келді. Өйткені, аспан мен жер үшін
ортақ — ол қасиет, ал заттар сансыздығында әрекет ететін нәрсе — ол / материя / ағымы.
Өз ұйғарымын паш ете отырып, адамдарды жоғары әлем билейді; қабілетті шеберлікке
үйренеді. Шеберлік ұйғарымға сәйкес келеді, ұйғарым парызға сәйкес келеді, парыз
қасиетке сәйкес келеді, парыз қасиетке сәйкес келеді, қасиет ағымға сәйкес келеді, ағым
табиғатқа сәйкес келеді. Сондықтан да былайша айтылады: "Кім ежелде Аспан
астындағының бәрін баққан болса, онда құмарлық болған жоқ және Аспан астында
құмарынан шығу (билік етті). Олар әрекетсіздікке сатылды және барлық сансыз заттар
дамып отырды. Олар тұңғиық тыныштығын сақтады жөне халық өздерінше қалыптасты.
Жазбаларда былай делінген: "Егер тұтастық бар болса, онда барлық сансыз ұйғарым
толық атқарылады. Егер құмарлықтан бас тартылса және алуға өтетін болса, онда тіпті ата
тек рухы мен құдай игеріледі.
Ұстаз айтады:
—
Ағым барлық сансыз заттар әлемін қолдайды және көмкеріп тұрады емес пе.
Ол қандай шексіз кең! Оның қайырымды көмегімен жүректі тазаламауы
мүмкін емес. Әрекетсіздікпен қимыл жасайтын табиғат деп аталады; тілдегі
әрекетсіздікті білдіретін нәрсе қасиет деп аталады; адамдарға деген
махаббат, заттар үшін пайдалы нәрсе қайырымдылық деп аталады; әртүрлі
заттардың айырмашылығын ұқсату ұлылық (маңыздылық) деп аталады;
шектеуді және айырмашылықты білмейтін мінез үлкен жүректілік (кең
пейілділік) деп аталады; сансыз айырмашылыққа ие болу байлық деп
аталады. Сондықтан қасиеттерді ұстану негізге сүйену деп аталады; кімнің
қасиеті аяқталған (толысқан) болса, сол қалыптасқан деп аталады; кім
(табиғат) жолымен жүрсе, сол толыққан деп аталады; кім зат үшін езінің
еркін өзгертпейтін болса, сол кәміл (адам) деп аталады. Осы он (жағдайға)
қол жеткізген және барлық істі әрі ойды қамтыған қандай ұлы
қайырымдылық! Өзіне бүкіл сансыз заттар ағып келе жатқан төмендегі су
сияқты. Ондай адам алтынды тауда, ал маржанды тереңде жасырып
қалдырады (жасырады); тауармен де, мүлікпен де баюға ұмтылмайды; игілік
пен байлықтан қашады; ұзақ өмірге қуанбайды; ерте өлімге ренжімейді;
рахат өмірді дәріптемейді; сәтсіздікке қысылмайды; замандастарының
игілігін иеленбейді; Аспан асты басқаруда өзі үшін даңқ іздемейді. Даңқ
сансыз заттардың тұрағы біреу, олардың өмірі мен өлімінің (даму)
формасының бірдей болуына қол жеткізуде. Ұстаз айтады;