125
астындағылардың (бәрі) бірін бірі жетелеп туындауда және неге туылғанын білмейді:
бірдей ие болады, бірақ неге ие болатынын өзі де білмейді. Мұндай тәртіп көне заманда да
болған, біздің заманымызда да (ол) бұзыла алмайды. Желім мен лакпен, жіп пен тесма мен
мейірімділік пен әділдікті байлап қойған секілді, адам қалай табиғи қасиеттерден ләззат
алсын? (Олар) бүкіл дүниені жаңылтып отыр. Кішігірім жаңылыстық бағытты өзгертіп
отырды; үлкен жаңылыстық (адамдық) қасиеттерді өзгеріске ұшыратып отырды. Бұны
қайдан білеміз? Жолбарыс Иесі руынан шыққан (Арашалаушы) мейірімділік пен әділдікке
шақырып, Аспан астын әбігерге салғаннан бері, барлығы мейірімділік пен әділдікке еруге
мәжбүр болды. Мейірімділік пен әділдіктің (пайда болуының кесірінен) адамның
табиғаты да өзгермеді ме? Бұл туралы пікір (айтуға) тырысайық.
Үш династия дәуірінен бастап Аспан астындағы әр (адам) заттардың кесірінен (өзінің)
табиғатын өзгертіп отырды. Бишара адамдар олжа үшін, ер адамдар — атақ-даңқ үшін,
қолбасшылар — руы үшін, дана адамдар патшалық үшін өмірлерін пида етті. Бұл адамдар
әр түрлі кәсіппен айналысты, әр түрлі атаққа ие болды, бірақ өздерін құрбандыққа
келтіріп, олар өзінің табиғатына бірдей зиян келтірді.
Осылайша, құл еркек пен құл әйел бірге қой бағып жүріп, екеуі де қойларын жоғалтып
алады. Құл еркектен (оның) не істегені туралы сұралды. Бал ашылған тақтайшаны оқып
отырған боп шықты. Құл әйелден (оның) не істегені сұралды. Сүйекпен ойнаған боп
шықты. Олар өр түрлі нәрсемен шұғылданды, бірақ екеуі де қойларын жоғалтты.
Осылайша, атаққа ие болуды армандаған Үлкен Түзу Бірінші Күн тауының етегінде өлді;
олжаға қарық болуды көксеген қарақшы Чжи Шығыс Қорғанның шыңында өлді. Олардың
өлімдері әр түрлі себептермен болды, бірақ олардың екеуі де өздерінің өмірлерін бірдей
қысқартты және өздерінің табиғатына зиян келтірді. Неге Үлкен Түзуді мадақтап, Чжиді
даттау керек?
Аспан астында өздерін құрбандыққа келтіретіндер мұны мейірімділік пен әділдік үшін
жасайды, сонда оларды асыл ер адамдар деп атап кетеді; басқалары — мүлік пен байлық
үшін, сонда оларды бишара адамдар деп кетеді. Бірдей құрбандыққа келтіреді, бірақ неге
асыл ер адам мен бишара адам болып шығады? Қарақшы Чжи де Үлкен Түзу сияқты
осылайша өзінің өмірін қысқартып, табиғатына зиян келтірді, бірақ екеуінің арасында
бишара мен асыл адамның арасындағыдай айырмашылық қалай (пайда болды)? Өзінің
табиғатын мейірімділік пен әділдікке қалай бас игізу (қабілеті) Цзэн (цзы) мен Хроника
Жазушы (Ю) сияқты (соншалықты) кемелденген, мен қазына дей алмаймын; өзінің
табиғатын (барлық) бес дәмге бағындыру (қабілеті) Юэйраның сияқты (соншалықты)
кемелденген, мен қазына дей алмаймын; өзінің табиғатын (барлық) бес дыбысқа
(соншалықты) кемелдендіріп бағындырған Тәлімгер Қуан сияқты адамдарды сезгіш дей
алмаймын; өздерінің табиғатын (барлық) бес түске Алыстан Өрмекшінің Торын Көретін
адам сияқты (соншалықты) кемелдендіріп бағындырған адамды көреген дей алмаймын.
Мен қазына деп мейірімділік пен әділдікке ие болғандықты айтпаймын, бар болғаны
өзінің қасиеттеріне ие болғандарды атаймын. Мен қазына деп мейірімділік пен әділдікке
ие болғандарды емес, бар болғаны өзінің табиғи сезімдеріне еркіндік бергендерді
атаймын. Мен сезгіш деп басқаларын еститіндерді емес, өзін езі еститіндерді атаймын.
Мен көреген деп басқаларын көретіндерді емес, бар болғаны өзін өзі көретін адамды
атаймын. Өйткені өзін өзі көрмейтіндер басқаларына қарайды; өзіне ие болмаған
басқаларына ие болады; (мұндай адам) өзінің қол жеткізгендеріне емес, басқаларына тән
болғандарға ие болады; өзіне жарамды нәрсеге ұмтылмайды, басқалары үшін жарамды
нәрсеге ұмтылады. Өйткені басқалары үшін жарамды нәрсеге ұмтылатындар, өздері үшін
жарамды нәрсеге ұмтылмайды. Олар тіпті Үлкен Түзу немесе Чжи болсын,— бәрі бірдей