124
тастан, жібек пен бамбуктан жасалған (саз аспаптарына), қоңыраулар мен алты жартылай
дыбыс тонына (құмартушылыққа) (әкеліп соғады). Тәлімгер Қуан осылай етпеп пе еді?
Керексіз мейірімділік (адам) табиғатының атақ-даңқ қолында қасиеттерінен айырылуына,
қысылып - қымтырылуына, қол жетпес үлгіні мадақтап Аспан астындағылардың барлығы
керней тартып, дабыл соғуына (әкеліп соғады). Цзэн (цзы) мен Хроника Жазушы (Ю)
осылай етпеді ме?
Айтыс-тартыстарда керексіз нәрселер сөздердің үйдің төбесін жабатын жұқа қынтарға
ұқсап немесе жіптің бойындағы түйіндер сияқты бас-аяғы жоқ үймелеп кетуіне, тепе-
теңдікпен айырмашылық, қаттылық пен аппақтығы, бір сәттік атақ үшін тоқтаусыз,
керексіз сөздерден ләззат алуға (әкеліп соғады). Ян (Чжу) мен Мо (Ди) осылай етпеп пе
еді? Бұл жарғақтар мен алтыншы саусақтар туралы білімдердің бәрі Аспан астындағы
шынайы ақиқатқа жетпейді. Шынайы ақиқат табиғи қасиеттерді жоғалтпау үшін қажет.
Сондықтан бірлестіру кезінде жарғақтар жойылып кетеді, ал болу кезінде — артық
саусақтар. (Алайда) ұзын нәрсе артық нәрсе деп, к.ысқа нәрсе — жеткіліксіз деп
саналмауы керек. Үйректің аяқтары қысқа болғанмен, оларды созып көр — ауыртасың;
тырнаның аяғы ұзын болғанмен, оларды кесіп көр — басына бәле ашасың. Егер
табиғаттан ұзын болған нәрсені кесіп тастамасаңыз, табиғаттан қысқа болған нәрсені
ұзартпасаңыз, ауыртудың да керегі жоқ. Е,е мейірімділік пен әділдік адамның табиғатына
қандай қарама-қайшы! Мейірімділік қаншама қайғы-қасірет әкелуде!
Аяқтарының арасындағы жарғақты кесіп тастаған адам жылайды; артық саусағын кесіп
тастаған адам айқай салады. Біреуінде — керексіз артық нәрсе, екіншісінде — кемшілік,
ал екеуінің де қайғы-қасіреті бірдей. Қазіргі заманғы көзін шел басқан мейірімділер
дүниенің бәлекеттеріне жүрегі сыздайды, ал мейірімсіздер табиғи қасиеттерін зорлап,
байлық пен сый-құрметке ашкөзденуде. Үш династия заманынан бері олар қаншама шу
көтерді!
Ілмек пен тіктеуіштің, циркуль мен бұрыштаманың көмегімен (заттарға) керекті (нысан)
беретіндер, олардың табиғатын бұзады; жіп пен түйіндердің, желім мен лактың көмегімен
(заттарды) бекітетіндер, (олардың) қасиетіне зиян келтіреді. (Адамдарды) әдет-ғұрыптар
мен билерде (күштеп) мінетін, мейірімділік пен әділдікті қорғайтын адам, Аспан
астындағылардың ақылдарына тыныштық әкелу үшін, оларды (Барлығының) түбіне жетіп
ұғынған кезде шексіз (бол); саяхаттап жүрген кезде із қалдырма; табиғаттың берген
сыйын тауысып жатып, ештеңе сатып алма; бар болғаны бос бол. Шынайы адам өзінің
жүрегін / парасатың / айна сияқты қолданады. (Заттардың) соңына түсіп кетпейді, (оларға)
қарсы жүрмейді, (оларға) жауап береді, бірақ (оларды) ұстап қалмайды. Сондықтан
заттарды жеңеді, бірақ сап-сау қалады. Оңтүстік мұхиттың әміршісі Шапшаң, Солтүстік
мұхиттың әміршісі — Тұтқиыл, Орталықтың әміршісі — Астаң-кестең болған. Шапшаң
мен Тұтқиыл оларды жақсы қарсы алып тұратын, Астан-кестеннің жерінде жиі-жиі
кездесіп тұрды, сөйтіп олар оған ризалығын білдіргісі келді.
—
Алайда Астан-кестеннің ор адамның сияқты көру, есту, тамақ ішу және
демалу үшін қажетті жеті тесігі жоқ,— деді (олар). — Оған (бұларды) жасап
беруге тырысамыз. Олар әр күн бір тесіктен жасап отырды, жетінші күні
Астан-кестен өліп қалды.
Ұдайылықтың ішіне ілмексіз қисайып кеткен, тіктеуішсіз түзуленіп кеткен, циркульсіз
дөңгеленіп кеткен, бұрыштамасыз төртбұрыш болып кеткен, желімсіз және лаксыз бірігіп
кеткен, жіпсіз және түйінсіз байланып қалған нәрселер кіреді. Осылайша Аспан