123
—
Қуып жете алмадым! (Ол бір жаққа) жоғалып кетті! Жоқ болды!
—
Мен оған дүниеге келмей тұрған кезімдегі ұрық болып көріндім,— деді
ұстаз. — Мен оның көзіне бос, бас июші, домалақ боп дөңгеленіп қалған
болып көріндім. (Ол) (менің) кім, қандай екенімді түсінбей қалды, біресе
солғын тартуды, біресе күшті ағымды көрді. Міне, сөйтіп (менен) қашып
кетті.
Содан Ле-цзы өзінің әлі білім алуға бастамағанына қарар беріп, (үйіне) қайтып келді де,
үш жыл бойы ешкімнің көзіне көрінбеді. Әйеліне тамақ пісірді, адамдарға тамақ
бергендей, доңыздарға тамақ берді, ою оюда және өндеуде жасандылық сыздыққа қайта
оралды. (Басқа) жұмыстарға қатыспады. Бар болғаны бір дене секілді, бір уыс топыраққа
ұқсап күйбелең тірліктің үстіне көтеріліп, тұйық, тұтас халге келді, сондықтан ол
шынайылықты соңына дейін (ұғынды).
Атақ-даңқтың құлы болып кетпе, ниеттердің қазына қоймасы болма, жұмыстарыңның сені
билеп-төстеуіне жол берме, білімге басынды име. (Барлығының) түбіне жетіп ұғынған
кезде шексіз (бол); саяхаттап жүрген кезде із қалдырма; табиғаттың берген сыйын
тауысып жатып, ештеңе сатып алма; бар болғаны бос бол. Шынайы адам өзінің жүрегін /
парасатың / айна сияқты қолданады. (Заттардың) соңына түсіп кетпейді, (оларға) қарсы
жүрмейді, (оларға) жауап береді, бірақ (оларды) ұстап қалмайды. Сондықтан заттарды
жеңеді, бірақ сап-сау қалады.
Оңтүстік мұхиттың әміршісі Шапшаң, Солтүстік мұхиттың әміршісі — Тұтқиыл,
Орталықтың әміршісі — Астаң-кестең болған. Шапшаң мен Тұтқиыл оларды жақсы қарсы
алып тұратын, Астан-кестеннің жерінде жиі-жиі кездесіп тұрды, сөйтіп олар оған
ризалығын білдіргісі келді.
—
Алайда Астан-кестеннің ор адамның сияқты көру, есту, тамақ ішу және
демалу үшін қажетті жеті тесігі жоқ,— деді (олар). — Оған (бұларды) жасап
беруге тырысамыз. Олар әр күн бір тесіктен жасап отырды, жетінші күні
Астан-кестен өліп қалды.
8-тарау
БАҚАЙЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРҒАҚТАР
Аяқ бақайларыңыз арасындағы жарғақтар мен қолдың алтыншы саусағын табиғат береді,
бірақ олар (адамдардың) қасиеті үшін артық нәрсе. Ісік пен жемсау (адамның) денесінде
шығады, бірақ (олар) табиғат үшін артық нәрсе. Мейірімділік пен әділдік көптеген
ұйғарымдарда (барлық) бес ішкі органдардың арасында бөлінеді. Дегенмен олар өздерінің
табиғи қасиеттеріне сай емес. Аяқ бақайларыңыз арасындағы жарғақтар сияқты —
қосымша пайдасыз ет, ал қолдың алтыншы саусағы — қосымша пайдасыз саусақ.
Осындай көптеген (барлық) бес ішкі орган қасиеттері үшін сыртқы жарғақ және алтыншы
саусақ (секілді). Артық мейірімділік пен әділдік таңдау, қарау сияқты көптеген
ұйғарымдар (керек етеді).
Сондықтан (жіті) өткір көру қабілеті (барлық) бес түстің араласып кетуіне, оюдағы
жетіктенушілікке, күңгірт және сары кестелі патша киімдері көздің соқыр болуына (әкеліп
соғады). Өрмекшінің Торын Алыстан Көретінмен осылай болған жоқ па еді? Керексіз сақ
құлақтың бес дыбыстың араласып кетуіне, алты дыбыс тонының жетіктенуіне, металл мен