Page 122 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

122
менменсідің, сондықтан ол сенің жүзіңнен бәрін оқышы. Сол адаммен бірге
осында келе қойыңдаршы, маған қарап көрсін, көрейік.
Ертеңіне Ле-цзы ұстазға Сиқыршымен бірге келеді. (Олар) шыққан (кезде) (Сиқыршы) Ле-
цзыға былай деді:
Әттеген-ай, сенің ұстазың (жақында) өледі, оң күннен ұзаққа бармас. Мен
ақылға қонбайтын нәрсе көрдім — үстіне су төгілген күл.
Ле-цзы ұстазға кіріп, өкіріп жібергені соншалық, көз жасымен оның киімін сулап тастады
да, оған (Сиқыршының айтқандарын) айтып берді.
Бұл жолы мен оған жер бетінің жүзіндей боп көріндім,— деді ұстаз,—
жігерсіз, әрекетсіз. Оған менің тіршілік қуатымның көзіндегі әлдеқандай бір
кедергі көзіне елестеп кеткен ғой. Сен (онымен бірге) тағы да келе ғой.
Ертеңіне Ле-цзы тағы да Сиқыршыны ертіп келді. (Олар) шыққан (кезде) (Сиқыршы) Ле-
цзыға былай деді:
Сенің ұстазыңның менімен кездескені қандай жақсы болды. (Ол) біраз тәуір
болды, тіршілік толық пайда болды. Мен оның қуатының кедергіден өтіп
жатқанын көрдім.
Лe-цзы ұстазға келіп оның айтқанының (бәрін) жеткізді.
Бұл жолы мен оған аспан мен жер сипатында көріндім, ол жерде "есім"
(немесе) "мән-маңыз" (сияқты ұғымдарға) орын жоқ. Бірақ қуат көзі
өкшеден бастау алды. Міне сондықтан (оның) көзіне менің тәуір болғаным
елестеді. Сен (онымен бірге) тағы да келе ғой.
Ертеңіне Ле-цзы тағы да Сиқыршыны ертіп келеді. (Олар) шыққан (кезде) (Сиқыршы) Ле-
цзыға былай деді:
Сенің ұстазыңды үрей билеп алған. Оның жүзінен оқу қиын. (Оны) жұбатып
қой, (мен) оған тағы да келем.
Ле-цзы ұстазға келіп оның айтқанының (бәрін) жеткізді. Ұстаз былай деді:
Бұл жолы ол менен (еш нәрсенің) нышанын көрсетпейтін үлкен бостықты
көрді де, оны тіршілік қуатымның тепе-тендігінің нышаны деп ойлап қалды.
Тереңдіктердің жалпы тоғыз аты бар. (Мен болсам) су иірімінің, ақпайтын
қара судың, ағын судың тереңдігі (сияқты) үшеуінде пайда болдым. Сен
(онымен бірге) тағы да келе ғой.
Ертеңіне Ле-цзы тағы да Сиқыршыны ертіп келді. Сиқыршы (өзінің) орнына отырып
үлгермеді, жан ұшыра атып шықты.
Оны қуып жет,— деді ұстаз.
Ле-цзы тұра қуды, бірақ оған жете алмады, қайтып келді де былай деді: