Page 121 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

121
Аспан Түбі Қою - Қызыл (таудың) баурайында қыдырып жүріп, Қияқ шөбі Өскен өзенге
дейін жетіпті. (Бүл жерде) ол ойламаған жерден Аты Жоқпен кездесіп, оған былай деп
сұрақ қойыпты:
Сұрауыма рұқсат етіңіз, Аспан асты үшін не істеу керек?
Әрі жүр, надан! — деп жауап берді Аты Жоқ. — Сұрақ жаудырып мазамды
алма! Мен өзіме тең, заттарды жаратушымен тілдесуге әзірленіп тұрғам,
тойып алған соң, белгісіз қиырлардың құсына отырып, жалған болмыстың
патшалығына саяхат құрып, ұшы-қиырсыз кеңістіктерде болып қайту үшін,
бүкіл дүниенің алты тарапына ұшуға жиналып жатқам. Аспан астын билеу
(туралы сұрақтарыңмен) несіне жүрегімді қобалжытып тұрсың?
(Бірақ Аспан Түбі) сұрақты қайталады, ал Аты Жоқ былай деп жауап берді:
Әділеттілікпен жүрегіңмен ләззат ал, эфирмен немқұрайдылықпен қосыл, әр
нәрсені табиғи (жолымен) жібер, ешқандай жеке басыңның шаруасына
рұқсат берме, сонда Аспан астында тәртіп орнайды.
Ян Чжу JIao-цзымен кездескенде былай деп сұрады:
Ақылды патша мен қажымай-талмай жолды зерделеген, тапқыр әрі көреген,
тәуекелшіл әрі қырағы адамды салыстыруға бола ма?
Ақылдымен салыстырған кезде,— деп жауап берді Лао-Цзы,— мұндай
(адам) ішінен қалтырап-дірілдеген және денесін бостан босқа әуреге салып,
әбігерге түскен ұсақ-түйек қызметші сияқты (көрінетін еді). Өйткені
мынадай соз бар: "жолбарыс пен барыстың сұлулығы — аңшылар үшін
тұзақ"; "маймыл епті болғаны үшін, оны жіпке байлап ұстайды, ал итті —
өгізді айдап жібере алатын қабілеті үшін". Осындай адамды қалай ғана
ақылды патшамен салыстыруға болады?
Сұрауыма рұқсат етіңіз, ақылды патша қалай билік жүргізді? — деп сұрады
реңі қашып кеткен Ян Чжу.
Ақылды патша билік жүргізген кезде, оның жеке басыңдай емес, жетістіктер
бүкіл аспан астына жайылды; өзгерістер әр адамға жетті, ал халық болса,
(патшаға) сүйенбеді; ешкім оның атын атаған жоқ, әрі барлығы өзінше
қуанды. (Ал патшаның өзі болса) әлдеқайда тұрып, жалған болмыста саяхат
құрды.
Чжэнде Цзи Сянь атты бір Сиқыршы болыпты. (Ол) тура құдай сияқты кімнің өліп, кімнің
туылатынын, ал кімнің қазаға ұшырайтынын, кімді бақыт, ал кімді бәле күтіп тұрғанын,
кімді ұзақ ғұмыр, кімді ерте өлім күтіп тұрғанын біледі екен, (әр адамға) жыл, ай, он күн,
бір күн мерзім береді екен. Оны көрген кезде Чжэн тұрғындары оған ысырылып жол
береді екен. Лe-цзы Сиқыршымен кездесіп, оның ықпалы астында қалыпты. Қайтып
келген соң, ол Тостаған (таудан) келген ұстазға баяндап береді:
Мен сіздің біліміңізді биік санаушы едім, ал енді одан кемелденгендікті
көрдім.
Мен саған шетін ғана аштым, түпкі мән-мағынасына әлі жеткенім жоқ,—
деп жауап берді ұстаз. — Сен қалай білім туралы пікір айта аласың? Егер
тауықтардың жанында қораз болмаса, балапандар қайдан пайда болсын?
Білімге ұластым деп, замандастарыңмен сайысқа түсе (аларсың), (сен)