Page 120 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

120
Оу, әке!
Оу, ана!
Оу, табиғат!
Оу, адамдар!..
Әлсіреген дауыс шумақты аяғына дейін айтуға асықты.
Сен неге мынадай өлең айттың? — деп сұрады үйге кіре сала Жүк Тасушы.
Мені осындай күйге жеткізген адамды іздедім,— деп жауап берді Ұстаз. —
бірақ кім екенін білмеймін. Шынымен де менің әке-шешем маған осындай
кедейшілік тіледі ме? Аспан (бәрін) еш алаламай бүркейді, ал жер еш
алаламай (бәрін) тірейді. Шынымен-ақ аспан мен жер мені кедей қылып,
алаламады ма? Мен бұны кім жасағанын іздедім, бірақ (ешкімді) таба
алмадым. Демек, мені мұндай жағдайға душар еткен — тағдыр болғаны ғой.
7-тарау
ЛАЙЫҚ БАБА ЖӘНЕ ПАТША БОЛУ
Жас өспірімдердің Тәлімгеріне төрт рет сұрақ қойып, "білмеймін" деген жауабын (естіген)
Тіссіз қуаныштан секіріп, Қамыс Шапан киген Ұстазға барып бұны айтып берді. Ол адам
былай деді:
Енді осыны түсіндің бе? Өйткені Жолбарыс Иесі руының ұлылар руына
жетуі әлі алда. Жолбарыс Иесі руынан шыққан (адам) елді өзіне үйіріп алу
үшін және (жүректерін) жаулап алу үшін, ішінде мейірімділік сақтады, бірақ
өлі адамдық пен адамдық емес (арасында айырмашылық) жасауға бастаған
жоқ. Ұлылар руынан шыққан (адам) алаңсыз ұйықтап, көңілі толып
оянатын, өзін біресе атқа, біресе өгізге телитін. Оның білімі анық, сезімі
нық, қасиеттері шынайы болатын. Ол тіпті адамдық пен адамдық еместін
(арасындағы айырмашылыққа) таянған жоқ.
Цзянь У Арбаларды Қарсы Алатын Есалаңға жолығып, мынаны сұрады:
Тал Түс Басы саған не айтты?
(Ол) маған: "Әміршінің өзі ережелер мен салттарды үлгілі орындаған кезде,
ешкімнің (оның) айтқанын екі етуге батылы бармас және әр нәрсе өзгеріп
кетеді" деп айтты,— деп жауап берді Цзянь У.
Бұл қасиет — жалған қасиет,— деді есалаң оны Аспан астын билеу үшін
(қолдану) теңізді кешіп өтумен, Өзенге арна салумен немесе масаларға
тауды басқа жаққа апарумен пара-пар. Әлде дана адам өзінің білімімен
сыртты билей (ала ма)? (Егер ол өзі), үлгі болып, әрекет ете бастаса, онда ол
шынымен-ақ, жұмыстарының орындалып жатуына ғана қол жеткізеді. Құс
жіңішке арқанға байланған оқтан құтылғысы келіп жан ұшырып биікке
ұшып кетеді; ал түтінмен ыстап шығарған немесе қазып шығарған (кезде)
тышқан інін Қасиетті төбешіктің астынан терең етіп қазады.Шынымен де
(әміршілердің) осы мақұлықтар құрлы білімі жоқ па?