Page 119 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

119
күшін жоғалтты ғой, ал Сары Баба болса, өзінің білімін ұмытып қалды,—
олардың барлығы балға мен төс арасында қалмады ма? Кім білсін, мүмкін
заттарды жаратушы мен сап-сау (сіздің), Қайта туған, соңыңыздан еруім
үшін, маған салынған таңбаны алып тастап, мұрнымды қайта қалпына
келтіретін шығар?
Е,е! Бұны алдын ала біле алмассың! — деді Ешкімді Жабырқатпаушы. —
Мен саған (бар болғаны) ең бастысын айтып беремін. Уа менің ұстазым! Уа
менің ұстазым! (Бүкіл) сансыз коп заттар әлемін қиқымдайсың, бірақ
әділдікке билік жүргізбейсің. Сан түрлі нәсілдерді өсіріп жетілдіресің, бірақ
мейірімді емессің. (Сен) ең алыстағы көне заманнан көнесің, бірақ кәрі
емессің. Аспанды да, жерді де бүркеп демейсің, сансыз көп нысандарды
ойып түсіресің, бірақ ұсталығыңды (көрсетпейсің). Міне, (мен) осымен
саяхаттап жүрмін.
Янь-Юань былай деді:
(Мен), Хой, ілгері адым аттадым.
Бұнымен не айтпақшысың? — деп сұрады Кун Фу-цзы.
(Мен), Хой, мейірімділік пен әділдік туралы ұмыттым.
Жақсы, (бірақ бұл) соңғы емес.
Келесі күні Янь Юань тағы да Кун Фу-цзымен кездесіп, (былай деді:
Мен), Хой, ілгері адым аттадым.
Бұнымен не айтпақшысың? — деп сұрады Кун Фу-цзы.
(Мен), Хой, рәсімдер мен әуен туралы ұмыттым.
Жақсы, (бірақ бүл) соңғы емес.
Одан кейінгі күні Янь Юань тағы да Кун Фу-цзыға жолығып, былай деді:
(Мен), Хой, ілгері адым аттадым.
Бұнымен не айтпақшысың?— деп сұрады Кун Фу-цзы.
(Мен), Хой, отырып отырып (өзім туралы) ұмытып кетем.
Бұны қалай түсінуге болады, "(өзім туралы) ұмытып кетем" деген не? —
деп сұрады түрі өзгеріп кеткен Кун Фу-цзы.
Дене кетіп қалады, сезім органдары кері шегінеді. Денем мен білімімді
тастап, (мен) барлығын қамтушыға ұқсап кетем. "Отырып, отырып (өзім
туралы) ұмытып кетем" дегенім сол.
(Барлығын қамтушыға) ұқсап кеткенің — демек, құмарлықтарыңнан
арылғаның; өзгергенің — демек, ұдайылықтан арылғаның. Сен шынымен
де дана адам болыпсың! Цю, сен (маған) артыңнан еруім үшін рұқсат бер.
Жүк Тасушы мен Түт Ағашы Ауласынан келген ұстаз екеуі дос еді. Бір күні жаңбыр тура
оң күн бойы құйған кезде, Жүк Тасушы (өзіне өзі) былай деді:
Апырым-ай, Түт Ағашы Ауласынан келген ұстазға бірдеңе болмаса игі еді!
(Ол) өзімен бірге жейтін тамақ алып, досын қоректендіру үшін жолға шықты. Ұстаздың
(үйінің) қақпасы алдында (Жүк Тасушының) құлағына жылаған ба, әлде өлеңдеткен бе,
әйтеуір бір дауыс шалынды. Циннің (ішектерін) сабалаған дауыстан соң: