11
6. Есіту де — Брахманның төртінші падасы. Төрт ел сәулесінің шұғыласында ол
сыңғырлайды және жаңғырады. Кім осыны білсе, ол ар-ұятымен, даңқымен және
Брахманның жарқылымен жарқырайды және лапылдайды.
13. (Праналар туралы пікірталастар)
Чхандогья-упанишада, V, 1-2
1.1. Кім көненің көзін және жақсыларын білсе, оның өзі құрметтілер мен жетіктердің
қатарына қосылады. Андасақ, тыныс — көне де, тартымды.
2. Кім байығандарды білсе, ол өздерінің (жақындарының) арасында байлығын арттырады.
Андасақ, сөйлеу — байлық.
3. Кім сүйенішті білсе, ол адамның бұл дүние мен о дүниеде өзінің сүйеніші болмақ.
Андасақ, қырағы көз — сүйеніш.
4. Кім сәттілікті айқын білсе, ол өзінің құдайшыл және адамдық ниеттерін (орындай)
алады. Аңласақ, есіту қабілеті — сәттілік.
5. Кім мекен-жайды айқын білсе, оның өзі (жақындарына) баспаналыққа жарайды.
Аңласақ, айқын ой — баспаналық мекен-жай.
6. Бертін келе прандар өздерінің қайсысы жақсырақ деп өзара ерегісті де: "Мен
жақсымын!", "Мен жақсымын" десті.
7. Бұл прандар (өздерінің) әкесі Праджапатиге келді: "Мырза, біздің қайсымыз
жақсырақпыз?" Ол аналарға жауап берді: "Кімнің денесі бұл дүниеден өткенде нашар
түрде көрінсе, сол артығырақ".
8. Міне сөз (денеден) шықты. Бір жылдан кейін оралған ол: "Қалай менсіз өмір сүре
алдыңдар?" — "Тыныстана дем алсаңдар да, көздеріңмен көрсеңдер де, құлақтарыңмен
есітсеңдер де, оймен ойлансаңдар да, мақау құсап сөйлемей-ақ өмір сүрдіңдер ме" — деді.
Осыдан кейін сөз (денеге) енді.
9. Содан кейін көз (денеден) шықты. Бір жылдан кейін оралған ол сұрады: "Қалай менсіз
өмір сүре алдыңдар?" — "Тыныспен дем алсаңдар да, тілмен сөйлессеңдер де, құлақпен
есітсеңдер де, оймен ойласаңдар да, соқырдай көрмей өмір сүрдіңдер ме"- деді. Осыдан
кейін көз (денеге) енді.
10. Содан кейін есіту (денеден) анықты. Бір жылдан кейін оралған ол: "Қалай менсіз өмір
сүре алдыңдар?" — "Тыныспен дем алсаңдар да, тілмен сөйлессеңдер де, көзбен
көрсеңдер де, оймен ойласаңдар да, меңіреу дей есітпей өмір сүрдіңдер ме" — деді.
Осыдан кейін (денеге) енді.
11. Содан кейін ой (денеден) шықты. Бір жылдан кейін оралған ол сұрады: "Қалай менсіз
өмір сүре алдыңдар?" — "Тыныспен дем алсаңдар да, тілмен сөйлессеңдер де, көзбен
көрсеңдер де, құлақпен есітсеңдер де, ақымақтар құсап ойланбай-ақ өмір сүрдіңдер ме" —
деді. Осыдан кейін есіту (денеге) енді.