Page 118 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

118
Адамдардан безген адам табиғатқа тең,— деп жауап берді Кун Фу-цзы. —
Сондықтан да: "Табиғат үшін түкке тұрмайтын адам — адамдар үшін
асылзада (патша); адамдар үшін асылзада адам — табиғат үшін түкке
тұрмайтын адам" пен айтады. Янь-Юань Кун Фу-цзыға былай деді:
Дарынды Мэнеуннің анасы өлген кезде, ол көзінен жас шығармай, жүрегін
ауыртпай, жерлеп жатқан кезде қайғыланбай, жоқтау айтты. Лy
патшалығында мұндай үш қатеден кейін ол әдет-ғүрыпты жақсы атқарды
деп есептейтін. (Менің), Хойдың, ойымша шын мәнінде бұған (хақы
болмаса да), осындай атаққа ие болуы ақылға қонбайтын нәрсе болып
көрінді.
Мынау, Мэнсунь руынан шыққан, барлығын тауысып бітірді! —деді Кун
Фу-цзы. — (Ол) зердесінде ілгері адым атты. Әдет-ғүрыпты елемеуге
батылы бармады, ал бірақ өзі үшін (оны) елемеді. Анау, Мэнсунь руынан
шыққан адам, өмір не үшін (пайда болатынын), не үшін өлім (болатынын);
басының қай жерде, соңының қай жерде екенін айырып жатпайды. (Басқа)
бір затқа айналып бара жатып, өзіне беймәлім өзгерістерді күтеді. Өйткені
өзгерістерге дайын болған кезде, өзгеріске ұшырамайтыныңды қайдан
білесің? Ал енді өзгерістерге дайын болмаған кезде, өзіңнің өзгеріске
ұшырап кеткеніңді қайдан білесің? Біз екеуміз ғана бұл түстен оянғанымыз
жоқ. Ал анау, Мэнсунь, сырт пішімімен қорқынышын көрсетсе де, өлімге
байланысты өзінің жүрегіне (салмақ түсірмеді). Ол өлімді сезінген жоқ,
бірақ (бір) таңертеңгілік баспананың (өткінші екенін) сезінді. Жалғыз
Мэнсунь ғана оянды. Басқалары жоқтау айтқаны үшін, ол да жоқтау айтты.
Сонымен бірге, басқалармен тілдескен кезде өзіңнің "мендігің" (бар)
болады. Кім білсін, біздің "мен" деп атап жүргеніміз шынымен де "мен" бе?
Мысалы, саған (өзіңнің) құс болып аспанда самғап жүргенің түсіңе кірсе;
(сенің) балық екенің, суда жүзіп жүргенің түсіңе кірсе. Ал енді мұны
түсіңде ме, әлде өңінде ме айтып тұрғаныңды білмейсің бе? (Өзгеріске
ұшырауды) қарсылықсыз күтіп алатын адамға (оны күлімсіреп қарсы
алатын адамға) жету әлі алда; жүзінде күлімсіреу (бейнесі бар) адамға өзін
әрекетке (сеніп тапсыратын) адамға жету әлі алда. Өзін әрекетке (сеніп
тапсыратын адам) (өліммен) өзгеру арқылы бостыққа, табиғилыққа,
бірыңғайлыққа аяқ басады. Қарлығаштың Ұлы Ешкімді Жабырқатпайтын
мен кездесіп қалды да, одан сұрады:
Аса Биік саған не кеңес берді?
Аса Биік маған мейірімділік пен әділдікке бас ұрып бағынуым керек екенін
айтты, (сонда мен) шынайылық пен жалған туралы дұрыс пікір айта бастай
да екенмін,— Қарлығаштың Ұлы.
Сен онда (маған) не үшін келдің? — деп сұрады одан Ешкімді
Жабырқатпайтын. — Егер Аса Биік саған мейірімділік пен әділдіктің
таңбасын салып, шынайылық пен жалған туралы (өзіңнің пікіріңмен)
мұрныңды кесіп тастапты, сен шексіз ләззат, жүгенсіз еркіндік пен шексіз
даму алаңында саяхат құра аласың ба?
Осыған қарамастан, мен оны арашалағым келіп түр,— деп жауап берді
Қарлығаштың ұлы.
Бұл мүмкін емес! — деді Ешкімді Жабырқатпайтын. — Көзі көр адамға қас
пен көздің, беттің сұлулығынан; соқыр адамға қара қоңыр мен сарының,
немесе патша киімінің кестесін (оюын) (сөз етудің) қажеті жоқ.
Дегенмен,— деп қарсылық көрсетті Қарлығаштың ұлы. — Әшекейлерді
Жаратпаған өзінің сұлулығын жоғалтты ғой. Бөренені Жұлып Алған өзінің