117
(Бұл жерде) үшеуі де бір біріне қарап, күліп жіберді. (Олардың ешқайсысының) жүрегіне
қарсы сөз айту сезімі келмеді, (олар) дос болып кетті. Бірақ бір күні Тұт Ағашы
Ауласынан келген ұстаз қайтыс болды. Жерленбей тұрып бұны естіген Кун Фу-цзы оларға
көмек үшін Цзыгунды жіберді. Цзыгун біреудің өлең құрастырып, біреудің оны цинь
аспабымен сүйемелдеп отырғанын және бірге мына өлеңді айтқанын (естиді):
Тұт ағашы Ауласынан келесің бе, ұстаз.
Иә! Келесің бе, ұстаз!
Сен өзің шынайылығыңа қайтып келдің,
Ал біз болсақ, адамдықпен тұрамыз тұтас!
Асыға-үсіге кіріп келген Цзыгун:
—
Сұрақ қоюыма рұқсат беріңіз, (сіз) әдет-ғүрыптарыңыз бойынша осылай
өліктің артынан он айтып тұрсыз ба? — деді.
—
Сендей адам әдет-ғұрыптан не түсінсін? — деп (екеуі) бір біріне қарап
мырс етіп күлді.
Цзыгун қайтып келді де, Кун Фу-дзыға болған жайды айтып беріп, сұрады:
—
Ол неғылған адамдар? (Жерлеу рәсіміне) дайындық жасаған жоқ, нысаннан
алшақ түрде өліктің артынан ән айтып, жүздері де өзгермеді. (Мен) тіпті
бұларды қалай атайтынымды да білмей тұрмын! Бұл неғылған адамдар?
—
Олар адамшылықтың тысында саяхат етіп жүр,— деп жауап берді Кун Фу-
цзы,— ал (мен), Цю, адамшылық ішінде саяхат етіп жүрмін. Шексіздік пен
шектілік бір-бірімен жанаса алмайды, мен, Цю, сен арқылы (өзімнің)
көңілімді айтып жібергенім дұрыс болмады. Оған қоса, олар заттарды
жаратқанмен, өздері сияқтылармен тілдесіп, аспан мен жердің ортақ
эфирінде саяхаттайды. Олар үшін өмір — (әлде қандай бір) қосалқы нәрсе,
жемсау; өлім — сыздауық жара, бұлтықтан құтылу. Мұндай адамдар
өлімнің не екенін, өмірдің не екенін, ненің баста, ненің соңында болатынын
қайдан білсін? (Олар) дене әр түрлі заттардан тұрады деп ойлайды.
Өздерінің құлағы мен көзін, бауыры мен өтін ұмытып кетіп, (олар) шек
танымастан, қайта-қайта соңы мен басы туралы айта береді. (Олар) шаң-
тозаңның шегінен тыс жерлерде санасыз адасады, шексіздікте әрекетсіздік
алаңында (саяхаттайды). Олар адамдардың әдет-ғүрыптарын орындап
шаршайды ғой дейсің бе? Көрермен көпшіліктің алдына шығып,
(тыңдаушы көпшілік) үшін (сөз сөйлейді ғой дейсің бе)?
—
Ұстазым, (сіз) неге әдет-ғүрыпты сақтайсыз онда? — деп сұрады Цзыгун.
—
(Мен), Цю Аспанның қаһарына ұшырадым! Бірақ бәрібір оны сенімен
бөлісіп отырмын,— деп жауап берді Кун Фу-цзы. — Олардың білімі
туралы сұрауыма рұқсат па?
—
Балық су үшін жаратылған, ал адам — жол үшін. — деп жауап берді Кун
Фу-цзы. — Су үшін жаратылғандар суда жүзіп жүріп қорегін тауып жейді.
Жол үшін жаратылғандар (өзінің) өміріне әрекетсіздікте көз жеткізеді.
Сондықтан да: "Балықтар бірін бірі туралы өзен-көлдің (кең жазығында)
ұмытып кетеді, адамдар бірін бірі туралы жол жөнінде білім алып жүріп
ұмытып кетеді" деп айтады. – Адамдардан безген (адамның қандай адам
екенін) сұрауыма рұқсат па? — деп сұрады Цзыгун.