116
(еңсесіндегі) бір уыс шашы тура көкке қарап үрпиіп тұрды. Оның ішіндегі эфир, ыстық
пен суық (күші) абыржыды, бірақ оның жүрегі жеңіл, қайғысыз - қамсыз еді. Құдыққа
дейін сүйретіліп барып, өзінің бейнесін көрген ол:
—
Әттеген-ай! Мені мынадай бүкір қылған — заттарды жаратушы!
—
Саған бұл ұнамай ма?
—
Жоқ, қалайша маған ұнамасын? Менің сол қолым қоразға айналып кетті
дейік, онда мен түн жарымында айқайлауым керек еді. Менің оң қолым
өздігінен ататын мылтыққа айналып кетті дейік, онда мен қуырдақ үшін құс
атып алуым керек еді. Менің құйымшағым доңғалаққа айналып кетті, ал
менің жаным — атқа дейік, онда менің үстіме мінгесіп алып шабатын еді,
жегілген аттарды ауыстырар ма еді? Өйткені (өмірге) ие болу үшін (өз)
уақыты келеді, ал (оны) жоғалту (оның жүруінен кейін) келеді. Егер
(өзіңнің) уақытыңа қанағат етіп, ылғи (үрдістің) соңынан еріп отырсаң,
(саған) қайғы-қасірет те, қуаныш - сүйініш те жолай алмайды. Көне адамдар
бұны бұғаудан азат болу деп атайтын. Өзін шеше алмайтындарды, заттар
байлап тастайды. Дегенмен заттар табиғатты ешқашан жеңе алмайды. Маған
қалайша бүл ұнамасын? Бірақ кенеттен Келуші ауырып қалды. (Ол) өлім
аузында демігіп жатыр еді, ал әйелі мен балалары жан-жағында тұрып, оған
жылап тұрған болатын. Оған келген Жер Жыртушы оларға кейіп тастады:
—
Жолдан былай тұрыңдар! Айналуға бет алған (адамды) мазаламаңдар! —
Есікке сүйеніп, өлім ауызындағы адамға: — Заттардың жаратылуы қандай
сәулетті! Сенен қазір не пайда болар екен! Сені қайда жіберер екен? Сен
егеуқұйрықтың бауырына айналып кетер ме екенсің? Әлде шыбын-
шіркейдің иығына ма?
—
Әке мен ана ұлына қай жерге бар деп бұйырса да — шығысқа ма, батысқа
ма, оңтүстікке ме, әлде солтүстікке ме — (ол) бар болғаны олардың әміріне
көнеді,— деп жауап берді Келуші. — Ыстық пен суықтың (күші) адамға ата-
анасынан да артық. (Егер) олар маған өлімді жақындатса, мен қарсы келсем,
онда мен асау болып шығамын. Оларды әлде не үшін кінәлай аласың ба?
Үлкен масса маған дене жасап бермеді ме, менің өмірімді еңбекке
жұмсамады ма, кәрілігімде демалыс бермеді ме, өлімімде мені жұбатпады
ма. Менің өмірімді жақсартқан, өлімімді де жақсы қылды. (Егер) енді ұлы
металл құюшы металды еріте бастағанда, металл оған күңкілдеп: "Мен
Мәсенің (қылышы) болуым керек!" десе, онда ұлы металл құюшы, әрине,
бұны нашар металл деп санайды. (Егер) енді адамның пішімінде болған:
"Тағы да адам болғым келеді! Тағы да адам болғым келеді!" деп тұрып алса,
онда заттарды жаратушы, әрине, оны нашар адам деп санайды. (Егер) енді
аспан мен жерді үлкен ерітуші қазан деп қабылдасақ, ал жаратылу (үрдісін)
ұлы металл құюшы ретінде қабылдасақ, онда (біз) қай жерге аттана
алмайтын едік? Бітірдім, ұйықтап барам, (сосын) оянамын.
Тұт Ауласынан келген ұстаз, Мэн Цзыфань мен Цзы Циньчжан достасып кетті. Олар бір
біріне былай деді:
—
Кім достық туралы (ойланбай) дос бола алады? Кім бірге іс-әрекет етуді
(ойланбай) бірге іс-әрекет ете алады? Кім (барлық) тірі жандарды ұмытып,
ақыры жоқ (сияқты) аспанға көтеріліп, тұмандардың арасында саяхаттай
алады, шексіздікке айнала алады?