115
—
Сенің бетіңнің реңі мынадай кәрі шағында неге жас баланың бетіңдей?
—
Мен жол туралы тыңдаймын,— деп жауап берді Жалғызбасты Әйел.
—
Менің бұл жолды зерттеуіме бола ма?
—
Жоқ, болмайды! Сен ондай адам емессің. Міне Бу, Бөрененің Тірегі. (Онда)
дана адамның қабілеті бар, бірақ дана адамның жолы жоқ; менің болса,
дана адамның жолы бар, бірақ дана адамның қабілеті жоқ. Мен оған
үйреткім келіп еді, ол шынымен де дана бола алатын еді. Бірақ оның
жанында дана адамның жолы бар адам дананың қабілеттеріне ие адамға
оңай жолды бере алады. Мен бар болғаны оны тоқтатып, оған айтатын едім,
үш күннен кейін (ол) Аспан астындағыдан жатырқаушылықты (ұғынуды)
біліп алатын еді. Ол Аспан астыңдағыдан жатырқаушылықты (ұғып) алған
соң, мен оны тағы да тоқтататын едім, (ол) жеті күннен кейін (ол) заттарды
жатырқауды (ұғынып алатын еді). Сосын заттарды жатырқауды (ұғынып
алған) соң, мен оны тағы тоқтататын едім, (ол) тоғыз күннен кейін өмірді
жатырқауды (ұғынып) алатын еді. өмірді жатырқауды (ұғынып) алған соң,
ол таң секілді ашық болуға мүмкіндік алатын еді. Таң секілді ашық болған
соң, ол бір тұтастықты көретін еді. Бір тұтастықты көрген ол, өткен мен
бүгінгіні ұмытып кететін еді. Өткен мен бүгінгіні ұмытып кеткен ол, өмір
мен өлімнің (болмаған жеріне) кіруге мүмкіндік алатын еді. (Өйткені)
өмірді өлтіретін өлмейді; өмірді тудыратын туылмайды. Бұл әр нәрсені
алып жүруші, қарсы алушы, талқандаушы, жаратушы. Оның аты —
қақтығыстардағы тыныштық. Қақтығыстардағы тыныштық дегеніміз —
жарату қақтығыстан кейін (ғана болады).
—
Сен бұларды кімнен естідің? — деп сұрады Оңтүстік Елді Мекеннен келген
Күнбағыс.
—
Мен Тасбақа Сауытындағы Балгердің ұлынан естідім, Балгердің ұлы
Қайталаушының немересінен естіпті, Қайталаушының немересі Ашық
Назардан естіпті, ал Ашық Назар Құлаққа Сыбырлаушыдан естіпті,
Құлаққа Сыбырлаушы Шұғыл Еңбектен естіпті, ал Шұғыл Еңбек Ән
Салушыдан естіпті, ал Ән Салушы Бастапқы эфирден естіпті, ал Бастапқы
Эфир Бостықтан естіпті, ал Бостық Бастаусыздан естіпті.
Құрбан Шалушы, Жүк Тасушы, Жер Айдаушы және Келуші сұхбат етіп отырып, бір
біріне былай деді:
—
Біз болмыстың жоқтығын — бас, өмірді — омыртқа, ал өлімді — құйрық
деп санауға қабілеті бар адаммен; туылу мен өлудің, бар болу мен қаза
табудың біртұтас екенін түсінетін адаммен достаса алар едік.
Төртеуі де бір біріне қарап күліп жіберді. (Олардың ешқайсысының) жүрегінде қарсы келу
сезімі пайда болмады да, (олар) достасып кетті. Бірақ кенеттен Жүк Тасушы сырқаттанып
қалып, Құрбан Шалушы оның халін сұрауға келді.
—
Заттардың жаратқандары қандай сәулетті! — деді сырқат,— мені осылай
бүкшиткен!
Оның арқасында ірінді жара шықты. (Оның) ішкі құрылысы денесінің жоғарғы жағында
сыйып жатты, иегі кіндігіне тиіп жатты, иықтары төбесінің үстіне шығып жатты,