114
жатады. Біреулер Аспанды (өзінің) әкесін дей көреді және оны сүйеді, бірақ Аспаннан
биікте орналасқанды соғұрлым (сүюлері керек еді). Басқа біреулер тек қана адамгершілігі
мол адамды (патшаны), одан асып кеткендерді көреді, олар үшін жанын беруге бар; мұны
(патшадан) анағұрлым шынайы нәрсе үшін соғұрлым (жасаулары керек еді).
Су бастауы кеуіп қалған кезде балықтар бірін бірі демеп, таяздау жерге жиналып, біріне
бірі демімен және сілекейімен ылғал беруге (тырысады) екен. (Одан да) (олар) бірін бірі
өзен-көлдердің (кең жерлерінде) ұмытып кетсе жақсы болар еді. Жоғары Мәртебеліні
мадақтай бергенше, Бөлшектерге Жарылушыны даттай бергенше, оның екеуін де ұмытып,
оз жолымен жүрген тағы жақсы. Үлкен бір зат маған дене жасап берді, менің өмірімді
еңбекке жұмсады, қартайған шағымда маған демалыс берді, өлімімде мені жұбатты.
Менің өмірімді жақсы қылған, менің өлімімді де жақсы етті.
(Егер) қайықты шығанақта жасырып қойсаң, ал төбені — көлде, оларды сап-сау сақтаулы
тұр дейді, бірақ түнде Күш иесі оны арқасына салып алып кетеді, ал надан ештеңе білмей
қалады. (Қандай да бір) қолайлы жерде үлкен мен кішіні жасырсаң да, (ол) бәрібір
жоғалып кетеді. Ал егер Аспан астын аспан астында жасырып қойсаң, ол ешқайда
жоғалып кете алмайды,— бұл (барша) зат үшін жалпы заң.
Жаңа ғана адам пішімінде дене құйғаны сол еді, соған қуанып жатыр; бірақ бұл дене әлі
шексіз өзгерістер әлемін аман кешіреді, мұндай бақытты өлшеу мүмкін бе? Сондықтан
дана адам заттар жоғалмайтын, барлығы сап-сау сақталатын жерде саяхаттайды. (Ол) ерте
өлімде де, кеш өлімде де, басында да, соңында да жақсылық нышанын көреді. (Егер)
басқалары оған еліктейтін болса, соғұрлым (барлық) сансыз көп заттар әлемі бағынышты
болған, жалпы (барлық) даму бағынышты (адамға) еліктесін.
Өйткені жол — шындық пен анық, бірақ (оның) іс-әрекеті мен дене нысаны жоқ. Ол
туралы баяндауға болады, бірақ (оны) алуға болмайды; ұғынуға болады, бірақ көруге
болмайды. Оның тамыры — өзі және оның негізі. Ол аспан мен жерден бұрын көне
заманнан бері мәңгі бар болды: (ол) ата-бабалардың рухына киелілік берді, құдайларға
киелілік берді, аспан мен жерді жаратты. (Ол) аспан биігінен де биік, бірақ ұзын емес, ол
надирден төмен, бірақ аласа емес; аспан мен жерден бұрын (болды), бірақ көне емес; ең
ұзақтағы көне заманнан да көне, бірақ кәрі емес.
Қабан Терісі руынан болған (адам) оны тауып алды да, аспан мен жерді тәртіпке келтірді.
Құрбандық Ет Дайындаушы оны тауып алды да, ауаның анасына кірді. Жұлдыздарды
Байланыстырушы Ожау оны тауып алды да, содан кейін ешқашан жаңылмады. Күн мен ай
оны тауып алды да, ешқашан тоқтамады. Каньпэй тауып алды да, Үлкен Ағайындылардың
Одағы тауына шықты. Фын И оны тауып алды да, ұлы Өзен бойында саяхаттады. Цзянь У
оны тауып алды да, Ұлы Тауға қоныстанды. Сары Баба оны тауып алды да, бұлттардың
үстіне шықты. Мәңгі Наразы оны тауып алды да, (Қара) сарайда қоныс тепті. Юй Цян оны
тауып алды да, Солтүстік полюске бекінді. Батыс Патшалардың Анасы оны тауып алды
да, Шаогуан тауында отырып қалды. Ешкім (жолдың) неден бастау алғанын білмейді;
ешкім оның ақыры не болатынын да білмейді. Пэн Цзу оны тауып алды да,
Арашалаушының (заманынан) Бес патша заманына дейін (ғұмыр кешті). Фу Юэ оны
тауып алды да, (Удинны) Аспан астының қожасы (етіп), өзі Удинның көмекшісі болды.
(Фу Юэ) шығысқа Құс жолына көтеріліп, Мерген мен Шаянды ерттеп алып,
жұлдыздардың қатарына қосылды.
Оңтүстік Елді Мекенінен келген Күнбағыс Жалғызбасты Әйелден сұрайды: