113
тіпті өлім аузында болса да, өзінің зердесімен жолға қарай көтеріле алатын. Көне заманғы
шынайы адам түс көрмей ұйықтайтын, оянғанында қайғыланбайтын, тамағын жеген кезде
ләззат алмайтын. Оның дем алысы бір қалыпты болатын, өкшесінен бастау алатын, ал жай
адамдарда дем ауыздан келеді. (Дауда) жеңілген адамның сөздері құсқысы келген адамдай
жұтқыншағында қалып қалады,— адамның ынтықтығы неғұрлым күшті болса, оның
табиғи негізі соғұрлым аз (байқалады).
Көне замандағы шынайы адам өмірге деген сүйіспеншіліктің не екенін, өлімнен қорқудың
не екенін білмейтін. (Өмірге) келген кезде қуанбайтын, (өмірден) кетіп бара жатқанда
қарсыласпайтын, селқос келіп, селқос қайтатын — бар болғаны сол. Өзі үшін ненің негіз
болғанын ұмытпайтын; оның ақыры болып табылатын нәрсеге де ұмтылмайтын. (Әлде
нені) алып жатып қуанатын, қайғырып беріп жатқанда мұны ұмытып кететін. Бұны зердең
менен жолға көмек бермеу, табиғатқа жасанды көмек көрсетпеу деп атайтын. Мұндай
кісіні шынайы адам деп атайды.
Мұндай адамның жүрегі — тыныштық ішінде, бет (кескіні) — өзгеріссіз, маңдайы — биік
және ашық болады. Одан дәл күз сияқты салқындық (еседі); көктем сияқты жылулық
еседі. (Оның) қуанышы мен өкпесі жылдың торт мезгілі сияқты (табиғи). (Ол) заттармен
қажет (еткеніндей) тілдеседі, бірақ (ешкім) оның шегін білмейді. Сондықтан дана адам
адамдардың жүректерінің (үйірлігін) жоғалтпай, әскерді көтере алады, патшалықты
бағындыра алады; (барлық) сансыз коп заттар әлеміне пайдалы нәрсені жая алады, бірақ
бұны адамдарды сүйгені үшін жасамайды. Өйткені кім (өзінің) заттарды ұғынуымен
құмарынан шығып жатса, ол адам дана адам емес; жеке басының үйірліктері бар адам
мейірімді емес; қолайлы сәтті (күтіп отырған адам) адамгершілігі мол адам емес; пайдалы
және зиянды деп таразыға салған адам асыл адам емес; атақ-даңқтың жолында өзін
жоғалтқан (адам) ер адам емес; (кім) өзін өзі құрбандыққа шалып шынайылықты
жоғалтса, ол адам басқаларына билік жасауға (қабілетсіз). Ху Будзе және Күңгірт Тартқан
Жарық, Үлкен Түзу мен Кіші Тең, Тізерлеп Отырған, Басқаларын Ойлайтын және
Тәлімгер Бұғы басқалардың қызметшісі болатын, өздерінің емес, бөтен адамдардың
тілектерін орындайтын. Көне заманның шынайы адамы әділ әрі алаламайтын еді; (оған)
(әлде не) жетпейтіндей көрінетін, бірақ қосымша ештеңе (керек) етпейтін; (ол)
жалғыздықты сүйетін, алайда (оны) талап етпейтін; бірақ еш өңдеусіз тазалықты сүйетін.
Қуаныш кернеген адамға ұқсап жымиятын, бірақ мәжбүр әрекет ететін. (Ол адамда)
жинақталғандар бізге дарып, олармен қоса біздің қасиеттеріміз нығайды. Қаталдығымен
уақытқа ұқсайтын, шектеулерді сүймейтін маңызды еді; жұмылған ауыздай алыстап бара
жатқан; сөздерін ұмытып кеткен санасыз сияқты еді.
Жазаны — (басқару) денесі, әдет-ғұрыптарды — (оның) қанаты, білімді — жайлы
(уақыттың) белгіленуі, адамгершілікті — (басқалармен) келісу деп білетін. Жазаларды
дене (басқаруы) деп білген адамдар өлім жазасында ұстамды еді; әдет-ғұрыптарды қанат
деп білгендер әлеммен келісе отырып әрекет жасайтын; білімді жайлы уақыттың
белгіленуі деп білгендер оларды іс жүзінде қолдануға мәжбүр еді; адамгершілікті
(басқалармен) келісу деп білгендер аяғы бар (барша) адаммен бірге биікке шықтық деуші
еді. Адамдар (оларды) шынайы еңбеккерлер деп санайтын.
Олардың сүйген нәрселері біртүтас еді; олардың сүймеген нәрселері де біртүтас еді.
(Олар) өздерінің бір тұтастығында біртұтас еді; біртұтастық жоқ болған кезде де (олар)
біртұтас еді. Табиғаты менен адамдығы бір-бірін жеңбейтін (адам) шынайы адам деп
аталады. Өмір мен өлім — тағдыр. Күн мен түннің ауысуындағы табиғат сияқты, ол да —
тұрақты. Адамның бүл жерде қабылдамайтындары заттардың (өздерінің) қасиеттеріне