112
—
(Сен) не қылған адамсың? Неге жалғыз аяқтысың? Табиғатыңнан
осылайсың ба, әлде адамның (қолынан) болдың ба?
—
Табиғатымнан, адамның (қолынан) емес,— деп жауап берді Әділ Тәлімгер.
— Туылғанымнан бері бір-ақ (аяғым) бар. Алайда сыртқы пішінімнен - ақ
адамның (қолынан) емес, табиғатымнан осылай екенін аңғаруға болатын еді
ғой.
Қырғауыл батпақта он адым аттаған соң (ғана) тұмсығымен шұқиды, жүз адым аттаған
соң (ғана) су ішеді, (бірақ) (өзін) қоршалған тордың ішінде қоректендіргендерін
қаламайды. Сонда да (ол) өзінің өзіне қожайын екенін бағаламайды.
Лао-цзы қайтыс болғанда оны жоқтау үшін Әбігерліктен Азат Цинь келіп, үш рет өкіріп
жіберді де шығып кетті.
—
(Сіз) ұстаздың досы емес пе едіңіз? — деп сұрады оқушы.
—
Болғам,— деп жауап берді Әбігерліктен Азат Цинь.
—
Осылай (аз-ақ) жыладыңыз ба?
—
Иә. Алғашында мен ол жерде оның оқушылары бар деп ойладым, қазір
болса, жоқ екенін түсіндім. Мен соңғы рет қоштасып қалайын деп
кіргенімде, ол жерде оның үстінде өздерінің ұлдары өлгендей өкіріп жылап
жатқан қарттар бар еді; өздерінің туған анасы өлгендей жылап жатқан
жастар бар еді. Олардың (барлығы) сөздердің қажеті (болмаған жерге) келіп
соз сөйлеу үшін, жас төгуге қажет (жоқ жерге) келіп жылау үшін жиналды.
Бұл табиғаттан қашуды, сезімдеріңді ұрлауды, (табиғаттан) қалғанды
ұмытуды білдіреді.
Уақыты келген кезде ұстаз дүниеге келді; кететін уақыт келген кезде ұстаз мойын ұсынды.
Байсалдылықпен уақыт пен жағдайдың соңынан еріп отырса, қайғы-қасіретке де, қуаныш
сүйінішке де рұқсат жоқ. Ертеде мұны табиғаттан бағымсыз болу деп атайтын еді. Отын
дайындап жатқан қол үшін шектелу (басталады). Алаңда от жануды жалғастырады, оның
шегі бар ма, жоқ па — беймәлім.
6-тарау
ЕҢ БАСТЫ ҰСТАЗ
Табиғаттың жаратқанын білу және адамның жаратқанын білу — шынайы (білім).
Табиғаттың жаратқанын білуді табиғат береді. Адамның жаратқанын (білетін адам)
зерделегенді зерделеу арқылы зерделенбегенді зерделеу үшін жаттығады. (Мұндай адам)
уақытынан бұрын өлмейді, өзінің табиғи жасының ақырғы шегіне дейін өмір сүреді. Бұл
білім — ең толық білім. Сонда да мұның зарарлы жағы да бар. Өйткені дәл білім (әлде
неге) бағынышты ғой, ал оның неге бағынышты болғаны — мүлде белгісіз. Кім біледі,
менің табиғи дегенім — мүмкін адамдық та, адамдық дегенім — табиғи да шығар?
Шынайы адам ғана шынайы білімге ие.
Шынайы адам деп кімдерді айтады? Шынайы адам көне заманда кішіге қарсы
шықпайтын, өзінің жеңістерін айтып мақтанбайтын, ниет (білдіретін) ерлердің (санатына
кірмейтін). Сондықтан қателескен кезде өкінбейтін, дұрыс іс жасаған кезде өзінен өзі
масаттанып (кетпейтін). Мұндай адам биік шыңға шыға алатын және одан қорықпайтын,
суға кіре алатын және үстін су қылмайтын, отқа кіре алатын және күйіп қалмайтын. Ол