Page 111 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

111
ЧЖУАН-ЦЗЫ
3-тарау
ҰЗАҚ ҒҰМЫР ҮШІН ЕҢ БАСТЫСЫ
Біздің ғұмырымыз шектеулі, ал білім болса — шектеусіз. Шектеуліге шектеусіздің
соңынан еру қатерлі. (Осыны түсінген соң), білімді жетілдіру де қатерлі. Игілік жасай
отырып, атақ-даңқтан қашқақта, жамандық жасай отырып, жазаланудан қорық. Егер басты
нәрсені негізге алатын болсақ, (өзіңнің) денеңді сақтап қалуға, тіршіліктің біртұтастығын
сақтауға болады, ата-анаңды сүйемелдеуге болады, ең ақырғы жасқа дейін өмір сүруге
болады.
Керемет Мейірімді патшаның аспазшысы өгіздің ұшасын (мүшеленбеген тұтас етін)
мүшелей бастады. Әр қол сілтеуі мен иығының еңкіш тартуы, аяғының басқан әр адымы
және тізелерінің бүгілуі сүйектен айырылған терінің сыртылдауымен, пышақтың
дүрсілімен жарыса шықты. (Жұмыс) ширақ қарқынмен жүріп жатты, "Тұт орманында"
немесе "Цзин шоу" атты биге ұқсайды.
Пәлі, қандай керемет! (Сенің) шеберлігің қандай қалтқысыз пәк! — деп
айқайлап жіберді Керемет Мейірімді. Пышағын төмен түсірген аспазшы
былай деді:
(Мен, сіздің) қызметшіңізбін, (Өзімнің) шеберлігіме қарағанда жолды басым
ұстандым! (Мен, сіздің қызметшіңіз) алғаш рет өгіздің етін мүшелеген
кезімде көзім тек ұшаны көретін, кейін үш жыл өткен соң, жануарды бір
бүтін ретінде көруді қойдым. Енді тіпті (оған) қарамаймын да, бірақ оны
түйсігіммен сезінемін, (оны) сезім органдарыммен қабылдамаймын, тек
түйсігіммен әрекет етемін. Табиғи талшықтарына қарап, мүше - мүше етіп
бөлшектеймін, іш құрылысын аралаймын, қатты нәрселерді — орталық
сіңірлер мен жәй сіңірлерді, ірі сүйектерді ешқашан бөлшектемеймін.
Жақсы аспазшы мал сойғаны (үшін) жылына бір рет пышақ ауыстырады. Орташа аспазшы
шапқаны (үшін) ай сайын пышақ ауыстырады. Сіздің қызметшіңіздің пышағына биыл
міне он тоғыз жыл болды, (мен) онымен мыңдаған ұшаларды мүшеледім, ал оның ұшы
болса, жаңа ғана қайрақпен қайралғандай.
Мүшелердің арасында саңылаулар бар, пышақтың ұшы болса жуандатылмаған.
Саңылауларға жұқа ұшты кіргізген кезде, пышақ кіретін бос жер коп. Сондықтан оның
ұшы он тоғыз жылдан соң да жаңа ғана қайралған пышақтай боп тұрады. Бірақ бұған
қарамастан, ор жолы тұтасып қалған күрделі жерге келгенде, оны сою қиынға түсетінін
көремін де қорқып сақтанамын, көзімді одан алмаймын, пышақты жайлап қана
қимылдатып ақырын жасаймын. Осылайша бір уыс топырақты сеуіп тастағандай, тез-ақ
мүшел деуді бітіріп тастаймын. Пышағымды жоғары көтеріп біраз тұрам да, жан-жағыма
қараймын, тартыншақтап біраз жүрем де, қанағаттанған сезіммен пышақты сүртіп тығып
қоямын.
Өте жақсы! — деді ризашылықпен Керемет Мейірімді. — Аспазшының
әңгімесін тыңдап, мен ұзақ ғұмыр кешуге қалай қол жеткізуге болатынын
түсіндім. Әділ Тәлімгерді көре салып, Гунвэнь Биік Арба таңғалыс пен
сұрады: