Page 109 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

109
71
Кімде-кім білімді бола тұрып, білмейтін адамның кейпін танытса, сол бәрінен жоғары.
Кімде-кім білімі болмаса да білетін түр танытса, сол ауру. Кімде-кім ауру бола тура, өзін
аурумын деп есептесе, сол ауру емес. Кемеңгер данышпан сырқат емес. Сырқат бола
тұрып, ол өзін сырқатпын деп санайды, сондықтан ол сырқат емес.
72
Халық құдіреттілерден қорықпаса, сонда құдіреттілік келеді. Оның тұратын үйін
тарылтпаңдар, оның өмірін жек көрмеңдер. Кім халықты жақсы көрсе, [халық] та оны
жақсы көреді. Сондықтан кемеңгер данышпан, өзін біле отырып, өзін көре түсуге
итермелемейді. Ол өзін жақсы көреді және өзін жоғары көтермейді. Ол өзімшілдіктен бас
тартады және өзін жоғары көтермеуді қалайды.
73
Кімде-кім ержүрек және жаугер болса, сол қаза болады, кім ержүрек, бірақ жаугер
болмаса, сол өмір сүреді. Бүл екеуінің біреуі — пайданы, екіншісі — зиянды білдіреді.
Аспанның [соғысқұмарларды] неліктен жек көретінін кім біледі? Бұны түсіндіру кемеңгер
данышпанға да қиын. Аспан даосы күреспейді, бірақ жеңіске жете алады. Ол айтпайды,
бірақ жауап бере алады. Ол өздігінен келеді. Ол байсалды және [заттарды] бағындыра
біледі. Табиғаттың торы сирек, бірақ ешнәрсені өткізбейді.
74
Егер халық өлімнен қорықпаса, оны өліммен қорқытудың қажеті бар ма? Кім адамдарды
өлімнен қорқуға мәжбүрлесе және бүл істі қызықты деп есептесе, оны мен ұстап аламын
және құртып жіберемін. Кімнің бұлай істеуге дәті барады? Әрқашан да өлтіретін, өлім
әкелуші бар. Егер оны біреу ауыстырса — ол ұлы шеберді ауыстырғаны. Кімде-кім ұлы
шеберді ауыстыра отырып [балтамен] шапса, өз қолын жаралайды.
75
Билік көп салық салғандықтан халық ашығады. Міне, сондықтан [халық] ашығады.
Халықты басқарудың қиыншылығы биліктің көп әрекетшілдігінен. Міне, сондықтан
басқару қиын. Халықтың өмір сүруге деген құлшынысы өте күшті болғандықтан өлімге
деген көзқарасы өте жаман. Міне, сондықтан өлімді жек көреді. Кім өзінің өміріне селқос
қараса, онда ол сол арқылы өз өмірін бағалайды.
76
Адам өмірге келгенде нәзік жөне әлсіз, ал өлім келген кезде табанды және мықты. Барлық
тіршілік иелері және өсімдіктер өмірге келгенде нәзік және әлсіз болады, ал қураған кезде
құрғақ және шірік. Табандылық және мықтылық — бұл өлетін нәрселер, ал нәзіктік пен
әлсіздік — бұлар өмір сүре бастайтын нәрселер. Сондықтан мықты әскер жеңіске
жетпейді және мықты ағаш өледі. Күштілік пен мықтылық, нәзіктік пен әлсіздікке
қарағанда, бар нәрсеге ие бола алмайды.