Page 108 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

108
басқару елге бақытсыздық әкеледі, ал оның көмегінсіз елді бақытқа кенелтеді. Бұл екі
нәрсені білген адам басқаларға үлгі болады. Бүл үлгіні білген терең дэні білгендік болып
есептеледі. Терең дэ — ол терең де, алыс та. Ол барлық тіршілік иелеріне қарама-қарсы,
бірақ олардың барлығын толық сәйкестікке [үйлесімділікке] әкеледі.
66
Өзендер мен теңіздер төмен қарай ағатындықтан, жазықтықтарды билей алады.
Сондықтан олар жазықтықтарды билей алады. [Кемеңгер данышпан] халықтан
жоғарылағысы келсе, өзін басқалардан төмен қоюы керек. Ол адамдардың алдында
болғысы келсе, өзін басқалардың соңына қоюы керек. Сондықтан ол халықтан жоғары
тұрса да, халыққа ауыртпалығын түсірмейді; ол алдында тұрса да, халық оған кесірін
тигізбейді. Сондықтан адамдар оны қуанышпен ұсынады және одан бұрылып кетпейді. Ол
күреспейді, соның нәтижесінде ол — әлемде жеңімпаз.
Барлығы мендегі дао орасан зор және азаймайды дейді. Жігер ол азайса, онда көп
уақыттан соң ол кішкентай болып қалар еді. Ол азаймайды, өйткені ол орасан зор. Менің
өзім бағалайтын үш қазынам бар: біріншісі — бүл адамсүйгіштік, екіншісі — құнттылық,
ал үшіншісі — менің басқалардың алдына түсуге батпайтындығым. Мен адам сүйгішпін,
сондықтан мен ержүрекпін. Мен құнттымын, сондықтан жомарт бола аламын. Мен
басқалардың алдында болуға талпынбаймын, сондықтан ақылды көсем бола аламын.
Кім адамсүйгіштіксіз ержүрек болса, құнттылықсыз жомарт, алдыңда бола отырып,
соңындағыларды итермелесе — ол құрдымға кетеді. Кім соғысты адамсүйгіштікпен
жүргізеді, сол жеңеді және оның тұрғызған қорғанысы алғысыз. Аспан оны құтқарады,
адамсүйгіштік қасиеті оны қорғайды.
68
Ақылды қолбасшы жаугер болмайды. Шебер жауынгер қаһарлы болмайды. Жауды жеңе
білетін шабуылдамайды. Адамдарды басқара алатын өзін төмен жағдайға қоймайды. Мен
бұны күрестен қашатын дэ деп атаймын. Бұл — адамдарды басқарудағы күш. Бұл
табиғатқа және ежелгі [даоға] еру дегенді білдіреді.
69
Әскери өнерде былай делінген: мен бірінші болып бастауға қақым жоқ, мен күтуге
тиіспін. Мен тіпті бір қадым да алдыға басуға батпаймын, бірақ бір аршин артқа
шегінемін. Бұл әрекетсіздіктің көмегімен жасалатын қимыл, күшсіз соққы деп аталады.
Бұл жағдайда жау болмайды және мен әскерсіз де бола аламын. Қарсыласыңды
бағаламаудан өткен бақытсыздық жоқ. Қарсыласты бағаламау менің асыл қазыналы [дао]
құралыма зиянын тигізеді. Соғыс нәтижесінде кім қайғырса, сол жеңіске жеткені.
70
Менің сөздерімді оңай түсініп жөне оңай іске асыруға болады. Бірақ адамдар түсінбейді
және оны іске асыра алмайды. Сөздерде бастау бар, істе ең негізгі басты нәрсе бар.
Адамдар оларды білмегендіктен, мені де білмейді. Мені аз білген кезде, мен
қымбаттымын. Сондықтан кемеңгер данышпан тұрпайы киім киген, бірақ қойнында
яшмасы бар адамға ұқсас.