Page 107 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

107
өздігінен төмен болғандығымен қаратады. Мейлі, Ұлы патшалық барлығы бірдей тоқ
болуынан басқа ешнәрсе қаламасын, ал ұсақ патшалық адамдарға қызмет етуден басқаны
қаламасын. Онда екеуі де, өздері қалағандарын алады. Ұлыға астында болған дұрыс.
62
Дао — барлық заттардың терең [негізі]. Ол — қайрымдылардың қазынасы және
қайырымсыз адамдардың қорғанысы. Әдемі сөздерді баршаның алдында айтуға болады,
қайырымды әрекеттерді адамдарға жасауға болады. Бірақ неліктен қайырымсыз
адамдарды тастап кету қажет? Бұндай жағдайда неліктен мемлекет билеушіні ұсынады
және оған үш кеңесшіні тағайындайды?
Мемлекет билеушісі мен оның кеңесшілері қымбат бағалы тастарды иемденсе де, арбамен
жүрсе де, бәрібір олар даоны ұстанса, дұрыс болады. Неліктен ертеде даоны бағалаған?
Ол уақытта адамдар байлықты иемденуге талпынбаған және қылмыстар кешірілген.
Сондықтан [дао] Көк Аспан аясында жоғары бағаланған.
63
Әрекетсіздікті іске асыру керек, сабырлық сақтау керек және дәмсіздікті сезіну керек.
Ұлылық кішіліктен, ал көптік — аздықтан тұрады. Зұлымдыққа қайырымдылықпен жауап
беру керек.
Қиыншылықты жеңу жеңілдіктен басталады, үлкенді іске асыру аздан басталады, өйткені
әлемде қиындық — жеңілдіктен, ал ұлылық — аздықтан басталады. Сондықтан кемеңгер
данышпан ұлылықтан бастамайды. Сонымен қатар ол ұлылық жасайды. Кім көп уәде
берсе, сол сенімге тұрмайды. Қай жерде жеңіл іс коп болса, онда қиын іс те көп.
Сондықтан кемеңгер данышпан іске қиындыққа қарағандай қарайды, сондықтан ол
қиындық көрмейді.
64
Не байсалды болса, соны сақтау оңай. Не нәрсе әлі нышан білдірмесе, оны бағыттау оңай.
Не нәрсе әлсіз болса, соны болу оңай. Не нәрсе ұсақ болса, соны таратып жіберу оңай.
Әрекетті әлі жоқ нәрседен бастау керек. Тәртіпке келтіруді әлі толқу басталмай тұрып
бастау керек. Өйткені үлкен ағаш кішкене ағаштан өсіп шығады, тоғыз қабатты мұнара бір
уыс топырақтан бастап салынады, мың ли жүретін саяхат бір адымнан басталады.
Әрекет жасаған — сәтсіздікке ұшырайды. Иеленген — жоғалтады. Міне, сондықтан кемел
адам әрекетсіз, сөйтіп ол сәтсіздікке ұшырамайды. Ол ешнәрсені иемденбейді, сондықтан
ешнәрсе жоғалтпайды. Іс-әрекет жасай отырып, табысқа жетуге асыққан адам, сәтсіздікке
ұшырайды. Кім өз ісін асықпай [байыппен] аяқтаса, оның ісі әрқашан сәтті болады.
Сондықтан кемел дана құмарлықтан арылған, қиыншылықпен табылатын заттарды
бағаламайды, білімі жоқтардан үйренеді, басқалар жүріп өткен жолмен жүреді. Ол
заттардың табиғилығын ұстанады және [өздігінен] әрекеттенуге батылы жетпейді.
65
Ертеде даоны ұстанғандар халықты оқытпаған, керісінше, оларды қараңғы ғып ұстаған.
Халықтың білімі коп болса, оны басқару қиын. Сондықтан халықты білімнің көмегімен