106
табылады. Онымен туыстасу үшін оны жақындату мүмкін емес; оны елемеу үшін
жақындатуға болмайды; оны пайдалану үшін жақындатуға болмайды; оны жоғары көтеру
үшін жақындатуға болмайды; оны кемсіту үшін жақындатуға болмайды. Міне, сондықтан
ол Көк Аспан аясында сыйлы.
57
Ел әділеттілік арқылы басқарылады, соғыс қулықпен жүргізіледі. Көк Аспан аясын
әрекетсіздіктің көмегімен қол астына алады. Осының берін мен қайдан білемін? Міне
мынадай: елде тыйым салушы заңдар коп болған кезде халық кедейленеді. Халықта өткір
қару көп болған кезде, елде толқу көбейеді. Озат шеберлер коп болса, сирек кездесетін
заттар көбейеді. Заңдар мен бұйрықтар өскен сайын ұрылар мен қарақшылардың саны
көбейеді. Сондықтан кемел дана: "Егер мен әрекет жасамасам, халық өзі өзгеріс үстінде
болады; егер мен тыныш болсам, халық өзі жөнделеді. Егер мен енжар болсам, халық
өздігінен бай болады; егер менде құмарлық болмаса, халық жайдары болады",— дейді.
58
Үкімет тыныш болса, халық ақ пейілді болады. Үкімет әрекетшіл болса, халық бақытсыз
болады. О, бақытсыздық! Ол бақыттың тірегі болып табылады. О, бақыт! Онда
бақытсыздық бар. Кім олардың шекараларын біледі? Оларда тұрақтылық жоқ. Әділеттілік
қайтадан қулыққа, қайырымдылық — зұлымдыққа айналады. Адам бұрыннан қателесіп
келеді. Сондықтан кемеңгер данышпан — әділетті және басқадан ешнәрсе тартып
алмайды. Ол — риясыз жөне басқаға зиянын тигізбейді. Ол — шыншыл және ешқандай
жамандық жасамайды. Ол — жарық, бірақ жарқырауды қаламайды.
59
Адамдарды басқара отырып және аспанға қызмет ете отырып, бәрінен де дұрысы
сабырлылық сақтай білу керек. Сабырлылық ең басты қам болу керек. Ол дэні жетілдіру
деп аталады. Дэні жетілдіру — барлығын жеңуші. Барлығын жеңуші таусылмас күшке ие.
Таусылмас күш елді бағындыруға мүмкіндік береді.Ел басқаруға мүмкіндік беретін бастау
— мәңгілік және терең, мықты, мәңгі өмір сүретін дао деп аталады.
60
Үлкен патшалықты басқару ұсақ балықтардан тамақ дайындауды еске түсіреді. Егер Көк
Аспан аясын даоның көмегімен ұстана отырып басқарса, онда [өлгендердің] мейірімсіз
рухтары әрекет жасамайды. Мейірімсіз рухтар әрекет етпейтіні былай тұрсын, олар тіпті
адамдарға кесірін тигізе алмайды. Олар ғана емес, кесірін кемеңгер данышпандар да тигізе
алмайды. Екеуі де адамдарға кесірін тигізе алмағандықтан, олардың дэсі бір-бірімен
бірігеді.
61
Ұлы патшалық — бұл өзеннің сағасы, Көк Аспан аясының түйіні, Көк Аспан аясының
ұрғашысы. Ұрғашы еркекті әрқашан өзінің сабырлығымен жеңеді, бірақ [ол] өзінің
сабырлығы жағынан [еркектен] төмен тұрады. Сондықтан ұлы патшалық кішкенені өзіне
өзін одан төмен қою арқылы қаратады, ал кішкене патшалық ұлы патшалықтың көңілін
одан төмен тұрғандығымен аулайды. Сондықтан өзіне, не өзін төмен қою арқылы, не