105
Аспан астында бастау бар. Ол — Аспан астының анасы. Анасы әбден танылған кезде,
оның балаларын да білуге болады. Оның балалары белгілі болған кезде тағы да олардың
анасын еске алу керек. Сонда [адамның] өмірінің соңына дейін қауіп болмайды. Егер
[адам] өз талап-тілектерін тастап, құмарлықтарынан арылса, онда ол өмірінің соңына
дейін шаршамай, білмей өтеді. Егер ол өз құмарлықтарынан арылмаса және өз істеріне
батып кетсе, онда [бәледен] құтылуы мүмкін емес. Өте ұсақ нәрсені көру — қырағылық
деп аталады. Әлсіздікті сақтай білу — құдіреттілік деп аталады. [Даоның] нұрына еру,
оның терең мағынасын танып-білу, [адамдарға] бақытсыздық шақырмау — міне бұл
тұрақтылықты сақтау болып табылады.
53
Егер мен білімді болсам, онда үлкен жолмен жүрер едім. Мен қорқатын жалғыз нәрсе —
бұл тар соқпақтар. Үлкен жол өте түзу, бірақ халық соқпақтарды [ұнатады], қалайды. Егер
сарай сән-салтанатты болса, онда егіс далаларын арам шоп жайлайды және астық
қоймалары мүлдем бос болады. Ақсүйектер сәнді матаға оранады; өткір қылыш тағады,
[қарапайым] тамаққа қанағаттанбайды және артық байлық жинайды. Осының барлығы
қарақшылық [ұрлық] және мақтаншақтық деп аталады. Ол даоны бұзу болып табылады.
54
Кім нық тұра алса, оны төңкеру мүмкін емес. Кім сүйеніп тұра алса, оны құлату мүмкін
емес. Ұлдары мен немерелері оны мәңгі есте сақтайды.
Кім өз ішінде [даоны] жетілдірсе, оның қайырымдылығы шынайы болады. Кім [даоны]
жанұясында жетілдірсе, оның қайырымдылығы көл-көсір болады. Кім [даоны] ауылда
жетілдірсе, оның қайырымдылығы кең байтақ болады. Кім [даоны] патшалықта
жетілдірсе, оның қайырымдылығы бай болады. Кім [даоны] аспан астында жетілдірсе,
оның қайырымдылығы жалпылық болады. Өзіңді тану арқылы басқаны танып-білуге
болады; бір отбасы арқылы қалғандарын танып-білуге болады; бір ауыл арқылы
басқаларын тануға болады; бір патшалыққа қарап, басқаларын танып-білуге болады; бір
ел бойынша бүкіл Көк Аспан аясын танып-білуге болады. Көк Аспан аясының осындай
екенін мен қалай білем? Солай істеу арқылы.
55
Кімнің бойында жетілген дэ болса, сол жаңа туған нәрестеге ұқсас. Улы жәндіктер мен
жыландар оны шақпайды. Қаһарлы аңдар оны ұстап алмайды, жыртқыш құстар оны
шоқымайды. Оның сүйектері жұмсақ, бұлшық еттері әлсіз, бірақ ол даоны] мықты
ұстайды. Екі жыныстың одағын білмесе де, ол күш-қуат беру қабілеттілігіне ие. Ол өте
қырағы. Ол күні бойы айғайласа да, оның дауысы өзгермейді. Ол өте үйлесімді.
Үйлесімділікті білу тұрақтылық деп аталады. Тұрақтылықты білу данышпандылық деп
аталады. Өмірді байыту бақыт деп аталады. Сезімдерді бағындыруға тырысу табандылық,
жігерлік деп аталады. Күш-қуатқа толы тіршілік иесі қартайса — бұл даоның бұзылуы деп
аталады. Кім даоны бұзса, ол уақытынан ерте қаза болады.
56
Білетін адам, сөйлемейді. Кім сөйлесе, ол білмейді. Кім өз арман, тілектерін қалдырса,
құмарлықтарынан бас тартса, сол өзінің қырағылығын жоғалтады, өзін хаостықтан
босатады, өз жарқылын шектейді, өзін тозаңға теңейді, тереңдіктің тереңдігі болып