Page 104 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

104
Елде дао болса, жылқылар жерді жөндейді; елде дао болмаса әскерлердің аттары шет
жақта жайылады. Өз құмарлығыңның шекарасын білмеуден үлкен бақытсыздық жоқ,
байлық жинауға талпынудан асқан қауіп жоқ. Сондықтан қанағаттана білетін адам
әрқашан өз өміріне разы.
47
Ауладан шықпай-ақ әлемді тануға болады. Терезеден үңілмей-ақ табиғи даоны көруге
болады. Неғұрлым алысқа кетсең, соғұрлым аз танып-білесің. Сондықтан кемеңгер
данышпан әлемді шарламайды, бірақ барлығын танып біледі. Заттарды көрмей-ақ,
олардың мәніне жетеді. Әрекет жасамай-ақ, ол табысқа жетеді.
48
Кімде-кім оқыса, сол күн сайын оз білімін арттырады. Кім даоға қызмет етсе, сол күн
өткен сайын өз арман тілектерін шектейді. Үздіксіз азайта берген сайын адам
әрекетсіздікке қол жеткізеді. Әрекетсіздік жасай алмайтын ешнәрсе жоқ. Сондықтан Көк
аспан аясын бағындыру әрқашан әрекетсіздіктің көмегімен іске асырылады. Кім әрекет
жасаса, оның қолынан Көк Аспан астын бағындыру келмейді.
49
Кемеңгер данышпанның жүрегі тұрақты емес. Оның жүрегі халықтың жүректерінен
тұрады. Мен қайрымдыларға жақсылық жасаймын және қайырымсыздарға да жақсылық
жасаймын. Осылай қайырымдылыққа тәрбиеленеді. Мен адал адамдарға берікпін және
адал емес адамдарға да берікпін. Осылай адалдыққа тәрбиеленеді. Кемеңгер данышпан
әлемде байсалды түрде өмір сүреді және өз жүрегіне халықтың пікірін жинайды. Ол
халыққа өз балаларына қарағандай қарайды.
50
Тіршілік иелері туады және өледі. Он адамның үшеуі өмірге қарай, үшеуі өлімге қарай
жүреді. Әр оннан өз әрекеттерінен өлетін тағы үш адам бар. Неліктен олай? Бұл олардың
өмірге деген асқан құлшынысынан болады.
Мен, кім өмірге жерде жүре отырып, жете алса, күреске түсе отырып, мүйіз тұмсық пен
жолбарыстан қорықпаса, сол қарулы әскерден қорықпайды деп естігенмін. Мүйіз тұмсық
оның еш жеріне өз тұмсығын сұға алмайды, жолбарыс ешқайда өз тырнақтарын сала
алмайды, ал әскерлер еш жеріне семсерлерін тыға алмайды. Себеп неде? Бұл ол үшін
өлімнің жоқтығынан болып отыр.
51
Дао [заттарды] туады, дэ [оларды] асырайды. Заттар формаға ие болады, формалар
аяқталады. Сондықтан даоны құрметтемейтін, дэні бағаламайтын зат жоқ. Дао құрметке
ие, дэ бағаларға ие, сондықтан олар бұйрық бермейді, табиғилыққа ереді. Дао [заттарды]
туады, дэ [оларды] асырайды, өсіреді, тәрбиелейді, жетілдіреді, олардың ақылын
толтырады, оларды күтіп-баптайды, қолдайды. Жасай отырып өзіне меншіктенбеу, жарата
отырып, мақтанбау, үлкен бола отырып бұйырмау — міне осы терең дэ деп аталады.