Page 103 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

103
Қарама-қарсыға ауысу — бұл даоның әрекеті, әлсіздік Соның қасиеті. Әлемде барлық
заттар болмыстан туады, ал болмыс бей болмыстан туады.
41
Жоғарғы білімді адам дао туралы білген кезде оны іске асыруға ұмтылады. Жартылай
білімді адам дао туралы біле тұра бірде оны ұстанады, бірде бұзады. Білімі төмен адам дао
туралы естіген кезде оны күлкіге айналдырады. Егер ол күлкі болмаса дао болмас па еді?
Соған сай мынадай соз бар: даоны білген адам қараңғыға ұқсас; даоға енген адам кері
шегінген адамға ұқсас; даоның биігіне жеткен адам жаңылған адамға ұқсас; жоғарғы
қайырымдылық иесі қарапайым адамға ұқсас; ұлы оқымысты жеккөрінішті адамға ұқсас;
шексіз қайырымдылық кемшілік сияқты; қайырымдылықтың таралуы оның талан-таражға
түсуіне ұқсас; нағыз шындық оның жоқтығына ұқсас.
Үлкен квадраттың бұрыштары жоқ; үлкен құмыра ұзақ дайындалады; қатты дыбысты есту
мүмкін емес; үлкен бейне формасыз. Дао бізден жасырын және атауы жоқ. Бірақ тек сол
ғана барлық тіршілік иесіне көмектесуге және олардың жетілуіне мүмкіндік жасайды.
42
Дао біреуді туады, біреу екеуді туады, екеу үшеуді туады, ал үшеу барлық тіршілік иесін
туады. Барлық тіршілік иелерінің бойында инь мен ян бар, бойлары циге толы олар
үйлесімділік жасайды. Адамдар "жалғыз", "жетім", "бақытсыз" деген атауларды
ұнатпайды. Сонымен қоймай, гундар мен вандар өздерін осы атаулармен атайды.
Сондықтан заттар оларды кемсіткен кезде көтеріледі, көтермелегенде төмендейді.
Адамдар неге оқытса, мен де соған оқытамын: күштілер мен қатыгездер оз өлімімен
өлмейді. Білім берген кезде мен осыны басшылыққа аламын. Көк Аслан аясындағы жерде
ең әлсіздер ең күштілерді жеңеді. Бей болмыстың тарамайтын жері жоқ. Міне, сондықтан
мен әрекетсіздіктің пайдасын білемін. Көк аспан аясындағы жерде сөзге жүгінбейтін,
әрекетсіздіктің пайдасын көрмейтін іліммен салыстыруға болатын ештеңе жоқ.
44
Не жақын — даңқ па, әлде өмір ме? Не қымбат — өмір ме, әлде байлық па? Нені бастан
кешіру ауыр — ие болуды ма, әлде жоғалтуды ма? Кім коп қор жинаса, сол жоғалтады.
Кім қалтасын коп толтырса, сол үлкен шығынға батады. Кім қанағаттылықты білсе, сол
табысқа жетеді. Кім шектеуді білсе, сол қауіпке бой ұрмайды. Сол ұзақ өмір сүре алады.
45
Ұлы жетілгендік жеткіліксіздік тәрізді, бірақ оның іс-әрекетінің бұзылуы мүмкін емес;
ұлы толысу қуыстық тәрізді, бірақ оның әрекеті таусылмас. Ұлы түзулік қисықтық
тәріздес; ұлы тапқырлық ақымақтық тәріздес; ұлы шешен тұтықпа тәріздес. Қозғалыс
суықты жеңеді, қозғалыссыздық аптап ыстықты жеңеді. Сабырлық әлемдегі тәртіпті
жасайды.
46