Page 102 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

102
Жұмсақ пен әлсіз қатты мен күштіні тудырады. Балықтың тереңдікті тастап кете
алмайтыны сияқты мемлекет те адамдарға өзінің жетілген басқару тәсілдерін көрсетпеуі
керек.
37
Дао әрқашан әрекетсіздікті ұстанады, бірақ ол жасамайтын ешнәрсе жоқ. Егер ақсүйектер
мен мемлекет басшылары оны ұстанса, онда барлық тіршілік иелері өздігінен өзгереді.
Егер өзгергендер іс-әрекетке барғысы келсе, онда оларды атауы жоқ қарапайым
болмыстың көмегімен басамын. Атауы жоқ — қарапайым болмыс — өзі үшін ешнәрсе
тілемейді. Тілек-талаптың жоқтығы тыныштық әкеледі, сонда елде тәртіп өз-өздігінен
орнайды.
Екінші кітап
№ 38
Жоғарғы дэға ие адамдар қайырымды істер істеуге талпынбайды, сондықтан ол
қайырымды; төменгі дэға ие адам қайырымды істер жасауға деген ниетін ешқашан естен
шығармайды, сондықтан ол қайырымсыз; жоғарғы дэға ие адам әрекет жасамайды,
төменгі дэға ие адам әрекетшіл, сондықтан оның іс-әрекеті қасақана жасалады, барлық
жерде рәміз сақтайтын адам өзара түсіністікке үміттене отырып, әрекет етеді. Егер ол
өзара түсіністік кездестірмесе, жазалаушылыққа көшеді. Міне, дэнің дао жоғалған соң,
адамға деген сүйіспеншілік дэ жоғалған соң, әділеттілік адамға деген сүйіспеншілік
жоғалған соң, рәміз әділеттілік жоғалған соң пайда болатыны сондықтан. Рәміз сенім мен
берілгендіктің жоқтығының белгісі. Толқу, әбігерліктің бастауы салт-жораларда.
Сыртқы пішін — бұл даоның гүлі, білімсіздіктің бастауы. Сондықтан ұлы адам
маңыздысын алады және түкке тұрмайтын нәрсені қалдырады. Ол дәнін алып, гүлін
тастайды. Ол біріншіні қалайды, ал екіншісінен бас тартады.
№39
Міне, ежелден бері бірлікте болғандар. Бірліктің арқасында аспан тазарады, жер
мызғымас, рух сергек болып, аңғар, алқап гүлденеді, барлық тіршілік иелері пайда бола
бастайды. Бірліктің арқасында ақсүйектер мен мемлекет басшылары әлемде үлгіге
айналады. Міне, бірлік осыны тудырды. Егер аспан таза болмаса құлдырайды, егер жер
тұрақсыз болса қақ жарылады; егер рух сергек болмаса жоғалады, егер арналар гүлдемесе
шөлге айналады; егер заттар туып отырмаса, олар жоғалып кетеді; егер ақсүйектер мен
мемлекет басшылары игіліктің үлгісі болмаса орнынан құлатылады.
Қарадан шыққандар ақсүйектердің, ал төмен жоғарының негізі болып табылады.
Сондықтан ақсүйектер мен ел басылары өздерін "жалғызбыз", "жетімбіз", "бақытсызбыз"
деп атайды. Бүл олардың қарадан шыққан қарапайым адамдарды өздерінің негізі ретінде
санамағандығынан болады. бұл — жалған жол. Егер екі аяқты арбаны бөлшектеп тастаса,
одан еш нәрсе қалмайды. Өзіңді "яшмадай бағалы" деп санауға болмайды, одан да тас
сияқты қарапайым болу керек.
40