101
Жақсы әскер — бақытсыздық тудыратын құрал, оны барлық тірі жан жек көреді.
Сондықтан даоны ұстанатын адам оны қолданбайды. Текті қолбасшы бейбітшілік кезінде
көрші елдермен қатынасында жақсы болуға тырысады және тек соғыста ғана күш
қолданады. Әскер — бақытсыздық құралы, сондықтан текті қолбасшы оны қолдануға
тырыспайды, ол тек оны мәжбүрлеген кезде ғана қолданады. Ең бастысы, тыныштық
сақтау керек, ал жеңіске жеткен жағдайда өзіңді мадақтамау керек. Өзіңді жеңіспен
мадақтама, бұл — адамдардың өліміне қуану. Кім адамдардың өліміне қуанса, сол елде
жанашырлыққа ие бола алмайды. Аман-есен болу сыйлаушылықтан туады, ал
бақытсыздық зорлық-зомбылықтан пайда болады. Сол жаққа флангтардың әскер
басылары сапқа тұрады, оң жақта қолбасшы тұр. Оларды жерлеу рәсімімен қарсы алу
керек дейді. Егер көп адамды өлтірсе, онда қатты жылау керек. Жеңісті жерлеу рәсімімен
атап өту керек.
32
Дао мәңгілік және атаусыз. Ол өте кішкене болғанмен, әлемде оны ешкім өзіне бағындыра
алмайды. Егер ақсүйектер мен ел басылары оны ұстанса, онда барлық тіршілік иелері
өздігінен ұстамды болады. Онда аспан мен жер үйлесімділікте бірігеді, бақыт пен жетістік
келеді, ал халық бұйрықсыз тынышталады.
Тәртіп орнаған кезде атаулар пайда болады. Атаулар пайда болғандықтан, оларды
қолданудың шегін білу керек. Шекті білу қауіптен арылуға мүмкіндік береді. Дао әлемде
бар кезде тау бұлақтарының өзендер мен теңіздерге құйғаны сияқты тіршілік иелерінің
барлығы оның құшағына енеді. Адамдарды білетін адам — зерделі. Өзін білетін адам —
білімді. Басқаларды жеңген мықты. Өзін жеңген құдіретті. Молшылықты білген бай. Кім
қажырлықпен әрекеттенсе, сол жігерлі. Кім өз табиғатын жоғалтпаса, ұзақ өмір сүреді.
Кімде-кім өлсе де ұмытылмаса, сол — мәңгі.
34
Ұлы дао шартарапқа тарайды. Ол оң жақта да, сол жақта да бола алады. Оның арқасында
барлық мән пайда болады және өзінің өсуін тоқтатпайды. Ол ерліктер жасайды, бірақ
даңқты тілемейді. Барлық тіршілік иесін махаббатпен тәрбиелей отырып, ол өзін
билеушімін деп есептемейді. Оның ешқашан өзінің жеке ықылас, тілегі болмайды,
сондықтан оны түкке тұрмас деуге болады. Бірақ мән соған қайта оралады, сөйтсе де өзін
олардың билеп-төстеушісімін деп санамайды. Оны ұлы деп атауға болады. Ол ұлы
болады, өйткені ешқашан өзін сондаймын деп есептемейді.
35
Даоның ұлы бейнесі болып саналатын адамға бүкіл халық келеді. Адамдар келеді, ал ол
адамдарға зияндық жасамайды. Ол адамдарға бейбітшілік, тыныштық, музыка және азық
әкеледі. Тіпті жиһангер де оның үйіне тоқтайды. Дао ауыздан шыққан кезде ол дәмсіз,
татымсыз. Ол көрінбес, оны ести де алмайсың. Қимылы таусылмайды.
36
Бір нәрсені қысу үшін алдымен оны созу керек. Бір нәрсені бәсеңдету үшін алдымен оны
қатайту керек. Бір нәрсені құлдырату үшін алдымен оны гүлдендіру керек. Бір нәрсені
біреуден тартып алу үшін алдымен оған соны беру керек. Бұл терең ақиқат деп аталады.