Page 89 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

89
мүмкін емес. Азамат терезеден, жо-жоқ сыртқы жалғандықты
іштен бөліп тұрған экраннан шегініп кетті.
Ұйқыны қашырып, түнде де ой маза бермеді. Ақыры, жаз-
басам болмас деп шешті. Дəптерден он үш парақ жыртып алды
да, ерінбей-жалықпай бəріне былай деп жазып шықты.
1. «Социализм жойылсын! Жасасын ерікті капитализм!
Коммунистердің ешбір сөзіне сенбеңіз, олар мəңгіге жой-
ылсын!».
* * *
2. «Социализм жойылсын!
Ерікті капитализм жасасын!
Мен өз өмір жолымды таңдап алдым, сіздерге де жол
болсын! Коммунистердің ешбір сөзіне сенбеңіз. Олар
оңбағандарменекіжүзділер!Мағыналыерікті қоғам–капи-
тализм үшін күресіңдер! Коммунизм қоғамын тұрғызамыз
деген КСРО-да маскүнемдік, азғындық көбейді, коммунис-
тер жойылсын!».
* * *
3. «Сіздер ерікті капитализм туралы өтірікті оқымас
үшін почта жəшіктері өртелді.
Егер жұмысқа шықсаңыздар ертең есіктеріңіз өртеніп,
өздеріңіз өлім-жітімді боласыз!
КСРО жойылсын, жасасын Америка!».
* * *
4. «Сіздерерікті капитализмтуралыкоммунистержазған
өтірікті оқымас үшін почта жəшіктерін өртедім. Жұмысқа
шықсаңыздар есіктеріңіз өртеніп, өздеріңіз өлесіздер!
Кеңес Одағы жойылсын! Жасасын Америка жəне ерікті
капитализм!».
Əспеттеп, əдемілеп жазуға тырысқан жоқ. Тек, айтар ойы-
ның анық, түсінікті болғанын қалады. Қайта-қайта көшіремін