Page 87 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

87
АЗАМАТ
Он сегіз жасында заманынан оздыра ой айтқан саяси
қуғын-сүргінніңқұрбаны, əйгілі актерҚасымЖəкібаевтың
ұлы Азамат Қасымұлы ЖƏКІБАЕВ туралы бір үзік сыр.
Ол өзіне-өзі сыймады... 1978 жылдың қаңтары. Заман ты-
ныш, ел тыныш. Өмір ағыны өзінің ырғақты қалпын бұзбай
ағып жатыр. Ашусыз қыс Алматыны ақ көрпесімен тұмшалап
тастаған. Азаматқа Алматы, Алматы ғана емес, бүкіл дүние
əрең демалып жатқандай көрінді. Көзіне аяқ-қолы буылған
бесіктегі нəресте елестеп кетті. «Ол күнəсіз періште ғой, не-
ге байлап тастаған? Ең болмаса, неге жыламайды?!». Оның
көңілінде сұрақтар легі тізбектеле берді. Ешбірінің жауабы
жоқ. Олардың жауабын қайдан табуға болады?..
Көше бойлап жүріп күнұзақ ой құшағына батқан Азамат
ызғарлы суықтан денесі тоңазыдыма, əлде сұрықсыз да көңілсіз
тас үйлер жерітті ме, адымдай басып, үйіне жетуге асықты.
Түс мезгілі болып қалса да, үйде ешкім жоқ екен. Аққұ-
мандағы суық шəйден бір-екі жұтып, үстел үстіндегі қолына
іліккен газеттің бірін алды да іргедегі диван-кереуетке жан-
тая кетті. Өзіне кішкене алданыш іздегендей газет беті-
не үңілді. Шағын мақаланың соңғы жағындағы «Коммунистік
идеялардан нəр алған ол барлық күш-жігерін төгіп, аянбай
еңбек етіп келеді» дегенжолдардыоқыпмырс етті. Кеудесіндегі
белгісіз ыза қайта бой көтергендей. «Жалған! Бəрі жалған.
Кімді алдап жүрміз?». Қолындағы газетін бір бүктеп, немкетті
тастай салды. Қос қолын желкесінің астына салып, шалқасы-
нан жатып ұзақ ойға кетті.
Неге екені белгісіз, көз алдына Иннаның бейнесі келе қал-
ды. Өзі сондай сүйкімді. Назды күлкісі жүрегін қытықтайтын.
Қазір қайдажүр екен?Осыдан екі жыл бұрын, соңғыкөргенінде,
мүсінделіп бойжетіп қалған еді. Сол жолы қойын дəптеріне
«Инна Володаровская» деп, аты-жөнін жазып қойып, оқта-тек-
те қарап жүретінді шығарған-ды. Бүгін ол ойына қайдан түсе
кетті? «Ол да мен сияқты жалғыз ба екен? Əлде...» Бесінші,