Page 86 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

86
басына жайғастық. Келесі бөлмеден бір-бірімен шамалас екі
қыз бала келді.
– Мынау – Əлфия, мынау – Гүлфия. Біреуі төртінші, бі-
реуі бірінші класта. Маған тартқан ба, екеуі де сурет салуға
құмар. Осы бетінен қайтпаса, сурет өнерінің соңына түсуге
бейімдейтін шығармын.
Тілеуберді бұл сөздерді үлкен ризашылықпен айтты. «Өнер-
дің болашағы, міне, осылардың қолында ғой. Осылар біз секіл-
ді адаспаса екен» деген сөз көмейденшықпай қалса да, көкейден
орын тауып үлгерді.
Сəкең «Ана жылы анау...», «мына жылымынау...» деп əңгіме
легін ағытып отыр. Менің ойымнан бір ғана нəрсе шығар емес.
«Тілеуберді жайында қалай жазсам екен?»
Шынында да, өзің айналыспайтын сала жайында жарытып
не жазуға болады?!
* * *
Үңгіртас, Тесіктас, Келіншектау, Түйешөккен... қа-
зақ даласында не көп тау-тасқа байланысты ат көп, хал-
қымыздың бүкіл тарихын құшағына қысып, қымтана
бүркеніп жатқан қара тас көп. Кезі келгенде оларға да
тіл бітер. Ол үшін, əрине, о жалған мен бұ жалғанның
арасындағы нəзік көпірдей көрінетін елеусіз ғана дəнекер –
мүсіншілер керек-ақ.
Иə, бүкіл тарихымызды көз алдымызға елестету үшін
қазаққа қанша жыл, қанша Тілеуберді қажет екен?!.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 28 тамыз, 1992 жыл