Page 83 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

83
атап жүргендігіне де талай рет куə болғам. Алайда, осы бір
қарапайым қазақпен араласып, достасып кетем деп ойламаған
едім. Бəріне себепкер болған – жақсылық пен жамандықтың
аражігін ашам деп, ақ тер-көк тер болып сабылып жүретін
өзіміздің Сайлау Пернебай (фототілшіміз).
– Мен сені қазақтың талантты бір жігітімен таныстырай-
ын, – деп, дедектетіп жетектеді де кетті. Жолға бір, маған екі
қарап қойып, əңгімесін соғып келеді. – Таяуда ғана Абылай
мен Шақшақ Жəнібектің мүсінін жасап бітірді. Бүгін кешіксек,
Арқалыққа əкетіп қалайын деп отыр, көре алмай қаласың.
– Сəке, – деймін мен уақыттың тапшылығын сездіріп, –
оның шеберханасы қай жерде еді, көлік ұстайық та...
– Өй! – Сəкең басына қисайта артқа серпіп, ернін қымқырды.
Бір нəрсеге риза болмағандағы əдеті осы – Қайдағы шеберхана!
Бəрін үйінде, аядай бөлмеде жасайды... Жұматай Жақыпбаев-
тың да мүсінін айнытпай келтірді. Оны өткенде ғана Кеңсай-
дағы қабірінің басына орнатты. Анау-мынау жұмыстарға көңі-
лі тола бермейтін марқұм Асекеңнің өзі (Асқар Сүлейменовті
айтып тұр) Жұматайдың мүсінін көргенде риза болып. «Міне,
мынау дұрыс! Ескерткішке тартқан жараспайды. Ол үнемі ой-
ға шомып тұруы керек» деген екен.
Сəкең Тілеубердінің үйіне жеткенше басын шайқаумен бол-
ды.
* * *
Өмір деген – бір жұмбақ. Оның бүкіл құпиясын білемін
деудің өзі – ақылға сыя қоймас мəселе. Өйткені, табиғаттың
таңғажайыптары мен құпия сыры ешуақытта да таусылмақ
емес. Талай заманнан бері адамзат баласын табындырып кел-
ген оның сырын ұғуға бір адам тұрмақ, бүкіл бір ұрпақтың,
тіпті тұтас бір дəуірдің ғұмыры жете қояр ма екен? Бесіндегі
көлеңкедей шұбатылып, ӨМІР атты алыптың артында ӨЛІМ
атты қою қараңғылықтың келе жатқандығын тірі жан иесі мой-
ындайды. (Ол, бəлкім, біздер, тірілер үшін ғана қараңғылық
болар). Сол жарық пен қараңғылықтың ортасында, екі жаққа