63
тікелей кінəгері Ай екенін көрсеткен. Ғалымдардың есебінше,
Закавказьедегі ең күшті жəне бүліншілігі көп жер сілкінулері
ай толысқан кездері болыпты. Бұл қорытындыға олар тоғыз
жүз жылға тарта уақыттан бергі табиғат құбылыстарының та-
рихи жазбаларын зерттеп барып келген.
Табиғаттағы тосын апаттардың болатындығын зерттеп біліп
отыру оның жұмыстарының бір бөлігі ғана десек, қателес-
пейміз. Назарбек мұнымен қоса,
адамдар арасындағы түрлі
толқулардың (көтеріліс, т.б.) да болу мүмкіндігін шама-
лап отырады. Мұндай жағдайлардың себептері тек жер
бетіндегі пісіп-жетілген əлеуметік-экономикалық мəселе-
лер ғана емес, табиғаттың тылсым күші екендігіне
өзімен
қоса, өзгелерді де сендіре білуде. Кавказ жеріндегі, Балтық
бойындағы елдердегі орын алып отырған түрлі жағдайларды
осындай күштің əсер етуінен деп түсіндіреді. Бұл мəселеде
оған «оттапсың» деп əңгіме нүктесін қоя салғысы келетіндер
де жоқ емес. Ол – ең оңайы. Ал, түсінуге тырысқан адам бұл
сөзде де шындықтың шырыны барын байқай алады. Ай мен
адам арасындағы байланысқа жоғарыда аздап қана тоқталып
өткен болатынбыз. Осы мəселеге ендігі жерде кішкене кеңірек
орын бере кеткеніміз жөн-ау. Айдың адам баласына қатты
əсер ететіндігін біздің халқымыз жақсы білген. «Айдың сəу-
лесі түспесін, пердені жауып жат», – деген сияқты сөздерді
естімеген адам аз болар. Айшалық ауруының да тікелей кінə-
гері жердің серігі екендігін халық білген жоқ дей алмаймыз.
Ғалымдардың зерттеуінше,
жер бетіндегі адам қолымен жа-
салар қылмыстың көпшілігі Айдың толысқан кездерінде
жүзеге асып жатады екен. Мұндай ауыр қылмыстардың
екінші бір кезеңі жаңа Айдың тууына сəйкес келеді.
Мұндай
жағдайлар, əсіресе, психикалық жағынан əлсіз адамдар ара-
сында жиі ұшырасады. Бұл Айға ғана қатысты жай. Енді
жалпы алып көрейік. Айдың толысуы, Күннің толқуы, басқа
жұлдыз, планеталардағы ерекше өзгерістер кей кездері бір
мезгілде болады. Осындай сəттері жер бетінде, адамдар ара-
сында үлкен-үлкен оқиғалар болып жатады екен. Назарбектің
зерттеуінше,
жердегі үлкен өзгерістер 50 жəне 25,5 жыл