42
Үшіншіден,
салық пен бюджет саясатын ретке келтірмесе
болмайды. Халықтың тұрмыстық қажетіне өте зəру өнімдерді
өндіретін кəсіпорындарға салық салуда едəуір мөлшерде жеңіл-
діктер жасалуы тиіс. Жоғарыда əңгімелеп кеткен, күнелту мөл-
шерінен төмен ақы алатындарды салық төлеуден босату керек.
Оның есесіне, қазіргі беріліп отырған мүмкіндіктерді пайда-
ланып, шамадан тыс баюға бет алғандарды үдемелі салық салу
арқылы шектен шығармаған жөн.
Төртіншіден,
еліміз нарық экономикасына көшкенде ең-
бекке деген көзқарас та белгілі бір дəрежеде өзгеріске ұшы-
рамақ. Əсіресе, меншік мəселесіне де байыптылық таныта
қараған абзал. Шет елдермен, атап айтқанда, капиталистік ел-
дермен тəжірибе алмасып, тығыз байланыс орнату құптарлық
десекте, еліміздегі түрлі кəсіпорындарменшаруашылықтардың
адам еңбегін қанаушы капиталистік мекемелерге айналмау-
ын қадағаламасқа болмайды. Оған, сондай-ақ, жерді, кəсіп-
орындарды жекеменшікке сатуға кəсіподақ ұйымы үзілді-
кесілді қарсылық білдіріп отыр. Бүгінгі мемлекеттік меншік
совет адамдарының бірнеше ұрпағының маңдай терімен (тіпті,
қанымен деп те айтуымызға болады) қол жеткен табысы.
Сондықтан, ол – қоғамның барлық мүшелерінің меншігі.
Халыққа өзінің меншігін сату деген (əсіресе жерді) не сұмдық?!
Бұл мəселені халықтың өзі шешуі керек.
Бесіншіден,
республикамыздағы əрбір алтыншы адам тұр-
мыстық деңгейге қажетті қаржыдан төмен ақы алады. Осыған
жаңаша жағдайда орын алатын жұмыссыздық проблемасын
қосыңыз. Жаңа еңбек орындарын ұйымдастыру, еңбекке ор-
наластыру сияқты қажетті шараларды күн ілгері орайласты-
рып алмаса, ел ішіндегі жағдай шиеленіскен үстіне шиеленісе
түседі.
Алтыншыдан,
Еңбекті қорғау туралы заң бүгінгі өмір
талабына сай емес. Кəсіподақ ұйымы еңбеккерлер мүддесін
қорғайды дейміз, алайда ұйым сүйенерлік заңда күш болмай
отыр. Мəселен, еңбек адамы жарақат алғанда, не болмаса,
бетін аулақ қылсын, қайғылы қазаға ұшырағанда, оның үй-
ішіне көрсетілетін көмек көңілден шықпайды. Осы мəселеге