Page 37 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

37
қорға көз сүзетін кезі болмай тұрмайды. Орталық қор
ілуде бір мəрттік танытқаны болмаса, көп жағдайда «Шық
бермес Шығайбайдың» туысындай, жақсы нышанды іс-
шаралардың жүзеге асуына бөгет үйіп жатады. Алдағы
уақытта композиторлар одағының жеке музыкалық қоры
шаңырақ көтермесе, оның да жартылай дербестіктің шы-
лауынан шыға алмасы анық.
Енді өнердің биік шыңының бірінен саналатын кино мə-
селесіне келейік. Бұл саладағы қызметкерлердің де толық дер-
бестікте жұмыс істеуге талпыныс жасап отырғандығын жасыр-
маймыз. Бұл орайда қазірдің өзінде айтарлықтай нəтижелерге
қол жетіп келеді. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» кино-
студиясы бұрынғы жылдары тек Орталық бөлген қаржыға ғана
кино түсіріп, оны өздері қайта сатып алып көрсететін еді. Яғни,
бұл творчестволық ұжым өздері түсірген киноға өздері ие-
лік жасай алмайтын. «Отырардың ойраны» атты фильмді ғана
ең алғашөз иелігіне ала алдыдесек, қателеспейміз.Мұның сыры
неде?
Біріншіден, киношыларымызға қажетті техника-
лық құрал-жабдықтың барлығы да Мəскеу арқылы келіп
отырады. Екіншіден, осы сала жұмысына қажетті қаржы
да түп-түгелімен Орталықтан бөлінеді.
Ең қиыны да осы.
Кино түсірушілеріміз бір жұмысты екі жұмыс етіп, Алматы
мен Мəскеудің екі арасын шаңдатып, əрі де, бері де шапқылап
жатады. Қаражат сол Орталықтан бөлінетін болған соң,
ки-
ноңыз қай тақырыпта, қай жанрда түсірілмек, уақыты
қанша, тағы басқа мəселелер бойынша, ең алдымен, Ор-
талықтың алдынан өтіп, бекітіп алуыңыз қажет.
Біле-
білген адамға мұның өзі аз шаруа емес. Оған кино түсіріліп
болғаннан кейінгі екі аралықтағы дүрбелеңді қосыңыз. Дайын,
көркемдігі жоғары фильмдерді көбейту мəселесі де, оларды
шет елдерге шығару жəйі де Мəскеусіз шешім тауып көрген
жоқ. Бəрінен бұрын жанға бататыны – көркем туындыны
өзге ұлт өкілінің кесіп-пішіп отыратындығы.
Жүйке тоз-
дырар мұншалықты шырғалаңнан кейін тəуір дүние шығара
қоймадың деп сала қызметкерлерімен салғыласып жатудың
өзі оңай емес. Кино өнерін дамытамыз десек, өнер шыңына