қол созамыз десек аталған мəселелердің бəрін де республика
көлемінде шешуге, яғни дербестік алуға жұмылуымыз қажет.
Қазақ киносы кадр мəселесіне келгенде де Мəскеу, Ленин-
град қалаларына қарағыштайды. Əсіресе, оператор, дыбыс
операторларын əзірлеу қиындық тудырып отыр. Бүгінгі
күні Ленинградтағы оқу орнында қазақстандық үш адам
дыбыс операторы мамандығын оқып-үйренуде. Алайда,
үшеуінің де ұлты орыс.
Ұлттық кадрларымыздың тапшылығы
қатты батып отырғанымен, Қазақстанда операторлық фа-
культет ашу мəселесі əлі қолға алынар емес. Негізі, мұндай
факультеттің ашылуы елімізге пайдасыз да емес. Көршілес
Орта Азия республикаларының жастары сонау Киевке, не бол-
маса, Мəскеу, Ленинградқа сабылмай, біздің республикамызға
келіп оқыған болар еді. Ал, маман əзірлеп беру үшін қаражат
төленетіні белгілі...
Иə, ғылым, білім, мəдениет егеменділігінің өте зəру екенді-
гін толып жатқан дəйектермен əлі де жалғастыра беруге бо-
лады. Алайда, мəселе, оған тіреліп тұрмаса керек-ті. Қорыта
келгендегі айтарымыз –
егеменді ел өзінің мəдениетімен,
əдебиет-өнерімен, ғылым-білімімен ғана толыққанды еге-
менділікке ие болмақ.
Ендеше, бұл мəселелердің шешілуі –
кезек күтпейтін іс деп білеміз.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 4 қаңтар, 1991 жыл