36
творчестволық ұйым Орталыққа қарап алақан жаюға
мəжбүр. Республикамыздағы 41 театрдың кейбірінде ре-
жиссер жоқ, барында – бір-бірден ғана.
Маман кадрға деген зəрулік, оның Орталықтан оқып-біті-
ріп келуін күту – бұл да аяқ тұсар тəуелділіктің бір көрінісі. Теа-
тр жайын əңгімелей отырып, соңғы кездері көтеріліп жүрген
проблемаларға деген көзқарасымызды білдірмей кеткеніміз
жөнсіз болар. Театрды шаруашылық есепке көшіру мəселесі
біздің еліміз үшін тым ерте айтылып отырған сияқты. Дəл
қазіргідей жағдайда, театр залдарының жартысынан астамы
қаңырап бос тұратын кезде бұл мəселені қолға алғанымыз бу-
ынсыз жерге пышақ ұрғанмен пара-пар нəрсе. Коммерцияның
құлына айналдырып, өрге басып келе жатқан өнеріміздің
кеудесінен кері итергеніміз орынсыз. Біздіңше, шаруашылық
есепке көшу мəселесі жоғары мəдениетті, тұрақты көрермен-
дерді қалыптастырған соң ғана көтеріле бастауы керек. Ал,
бұл – қазіргі тақырыбымызға қатыссыз өз алдына бөлек үлкен
əңгіме.
«Өнер – өнер үшін қызмет етеді» деген принципті бекем
ұстап жүріп, оның шын мəнінде кімге қажет екендігін естен
шығарып алғандаймыз ба қалай?
Кейбір кəсіби композитор-
ларымыздың əндерінен гөрі ел арасынан шыққан əуесқой
композиторларшығарған əндердің халық көңілінің төрінен
орын алып жататындығының астарында не сыр бар? Кəсі-
би өнерпаздарымызға, шынымен-ақ, еуропаша оқудың
«өтіп» кеткендігі ме?
Сөзі жақын, əуені жат дүниелеріміз етек
жайып келе жатқан жоқ па? Соңын сұрау белгілері иемден-
ген осы тақылеттес жай, тіпті, құрмалас сөйлемдер Қазақстан
Композиторлар одағының басшы қызметкерлерін мазаламай
жүрген жоқ. Негізі, бұл одаққа мүше жүз адамның елуден аста-
мы жастар. Ендігі жерде осы жасару процесімен бірге ұлттық
табиғатымызға жақындау мəселесі де қатар қолға алынып жат-
са, құба-құп дейміз. Бір қуанышытысы – орталыққа жалтақтау,
орталықтан нұсқау күту – бұл творчестволық ұйымға да жат
жағдай. Тек... əр баста бір мұң бар дегендей, кей-кейде, аспан-
нан жауын тілеген жан секілді,
Бүкілодақтық музыкалық