Page 32 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

32
адамға бұл – ең үлкен мəселе. Ой-санамыздың, ғылым-білім,
жалпы мəдениетіміздің егеменділігі жайында не айтуа бола-
ды?
Қазіргі күнге дейін жеткізген жолымыздың қалтарыс-бұл-
тарысы аз емес екен. Жақсы ма, жаман ба, осы таңға əкеліп
тіреген жолды бəрібір жоққа шығара алмаймыз. Жоққа шығар-
ғаннан гөрі, оның əрбір бұлтарыс-қалтарысынан, кедір-бұдыр
іздерінен тəлім алғанымыз артығырақ. Өйткені, «өмірдің тə-
лімгері – тарих». Енді осы жайға басқа қырынан бір қарап
көрейікші. Артта қалған жетпіс жылдан астам уақытта біз қан-
дай жолмен жүрдік? Өзіміздің жеке жолымыз болды ма екен?
Бұл сұрақтардың толық жауабын өмірдің өзі қайтара жатар,
дегенмен біздің күйіміз жетекке ілескен ғаріп жанның күйінен
сəл ғана тəуірлеу болған сияқты. Ал өзіміз сөйлеген сөзіңді
бұлжытпайқайталапберетінтотықұстыңрөлінатқарғандаймыз.
Патшалы Ресейдің отаршылдық саясаты күшіне еніп тұрған
сəттен бері-ақ солаймыз.
Бір ғана мəселе. «Қазақ халқы руға бөлінгенімен, рушыл
болған емес» деп дəлелдеуге тырысыңызшы. Өзге халықты
айтпағанның өзінде, өзімізбен өзіміз айтыса жөнелеміз. Мəде-
ниетіміздің жеткен жері сол да, əйтпесе жалған сөзді жалау етіп,
күні бүгінге дейін көңіл түкпірінде сайратып жүреміз бе?!
Біздіңше, «рушылдық» сөзі патшалы Ресейдің (тек оның ға-
на емес) отарлау кезінен бері қалыптаса бастаған сияқты. Өйт-
кені, бағындырудың ең тиімді жолы – елдің өз ішіне іріткі салу.
Осы процестің жүзеге асуы біздің жерімізде өзгелер ойлаған-
нан да артықтау болды. Ру мен рудың, жүз бен жүздің арасында
болған соғысты өз басым не оқыған, не естіген емеспін. Əрине
майда-шүйде ұрыс-керіс (барымта, т.б.) болмады деу – артық
айтқандық. Алайда, қазірге дейін ұмытылмай жүретіндей еш-
бір жауыздық іс-əрекет болған емес. Ру мен ру тату-тəтті тұрып,
іргелі қазақ халқын құрады, батыс пен шығысқа, солтүстік пен
оңтүстікке иек артып тұрған осыншама сахараны бізге мұра
етіп қалдырды. Сырттан кезінде əдейі «ендірілген» əлгіндей
сөзге өзіміздің шырматылып қалғандығымыз соншама, «біз
бұл жерден кетсек, қазақ халқы бірін-бірі жеп қояды» деген-