296
лауындағы жерлерден осының нақты көрінісін аңғаруға бола-
ды.
Бұл жəйтті көзімен көріп тұрған қала Əкімінің өзі шыда-
май кетті. Бізбен бірге келе жатқан экологтарды дереу шақы-
рып алып, сұрақтың астына алды. Абырой болғанда, экологтар
бұл мəселе бойынша сотта іс қозғап үлгеріпті.
«Медеу» спорт кешенінің маңында да құрылыс жұмыстары
қызу жүргізіліп жатыр. Бірақ, бұл құрылыстың жөні басқа.
Тау-шыңның басына көпқабатты үйлер салуға болмайтыны
түсінікті. Алматы қаласын халықаралық туризм орталығына
айналдыру мақсатын алға қойып отырған қала əкімшілігі бұл
жерге жерасты автопаркингін салу жұмыстарын қолға алған.
Алайда, жер қыртыстары мен құрылыс жұмыстарының тиісті
құжаттары реттеліп бітпей жатқандықтан, құрылыс қарқыны
аздап аяңдап қалғанға ұқсайды.
Ə
ЗІЛ ЖАМЫЛҒАН ШЫНДЫҚ
«Алматы Ақшамының» фототілшісі Жеңіс Ысқабай редак-
цияның шұғыл тапсырмасы бойынша ортамыздан сəл ғана
ерте кетіп қалуға мəжбүр болды. Медеу жақтан қайтар жолда
асығып-үсігіп жол-жөнекей кетіп бара жатқан үлкен «Джипқа»
қол көтеріпті. Обалы не керек, əлгі көлік тоқтай қалып Алматы-
ға қарай ала кеткен ғой. Жүргізуші қарап отырмай, қала Əкімі
тексеру жасап жатқан соң, көзге түсіп қалмай тұрғанда қашып
бара жатқанын айтады.
Жеңіс оны «əзілдеп айтты» деп отыр. Қырағы көз журналис-
тер оны Медеу жаққа қарай бара жатқанда-ақ байқап, күлкіге
айналдырып отырған болатын. Шындығын айтсақ, журналис-
тер отырған көлікпен таласа, тауға қарай өрлеп бара жатқан
көлік көргеміз жоқ. Ал қарсы бағытқа қарай – Алматыны бет-
ке алып асыққан қымбат көліктердің біразын көзіміз шалғаны
рас. «Батырға да жан керек» деген осы шығар.
«Алматы ақшамы» газеті, 6 қазан, 2007 жыл