295
тексеру жұмыстары жүргізілген Бекенбай (Бутаковка) өзеніне
қарағанда Кіші Алматы өзені жағалауының айырмасы да осын-
да.
Бұл өзенді бойлай орналасқан 71 нысанның бар екені анық-
талып отыр. Олардың əрқайсысының тарихы да əрқалай. Əрбі-
рінің тағдыры əртүрлі жолдар арқылы шешілері де анық.
Мысалы, Медеу бағытындағы жолдың сол қапталын ала
жайғасқан, жоғарырақтағы «Биллиаджо Тянь-Шань» мейрам-
ханасы өзінің аумағын кеңейтпек ниетпен жолдың оң қап-
талындағы өзен жағалауына қол сала бастапты. Осыдан бір
жарым жылдай уақыт бұрын қала Əкімі тарапынан ескерту жа-
салып, құрылыс жұмыстары тоқтатылып тасталғанмен, жақсы
өзгерістерден күдер үзгісі келмеген қожайындар сол күйі қы-
быр етпепті. Əліптің артын бағып жүрген тəрізді.
– Мына құйылған іргетастардың бəрін сыпырып алып тас-
тау қажеттігі сіздерге ескертілген болатын. Егер мейрамхана-
ларыңызға келген кісілерге демалатын орын жасағыларыңыз
келсе, орнына əдемі орындықтар, жалғызаяқ жолдар жасап
қоюларыңызға болады ғой. Үй ішінен үй тіккендей, сіздер сая-
бақтың ішінен саябақ жасағыларыңыз келеді. Бұл жердің бəрі
онсыз да Ұлттық саябақ емес пе? – деп қала Əкімі қожайынға
қарапайым тілмен түсіндіріп жатты.
Қ
АЛЫҢ ЖЫНЫСҚА ҚЫРҒИДАЙ
ТИГЕН
Кіші Алматы өзенінің бойынан орын тепкен бұрынғы пио-
нер лагерьлері мен басқа да демалыс орындары 90-жылдардың
басында жекеге өтіп кеткен болатын. Құрылыс жұмыстарын
жүргізіп жатқан нысандардың көбі осындай орындар. Алайда,
кең көсіліп үйреніп қалған қазекемніңмінезіне салып, қожайын-
дар оң-солына қарай етек жайып жібергенді жөн көрген. Со-
ның кесірінен, өзен жағасынан кемі 20 метр қашықтықта
болу керектігі де ескерілмеген. Ол ол ма, айналасындағы
қалың жынысты (ішінде қарағай-шыршалары да бар) отап тас-
тап, өз білгендерін істеп жатқандары да бар. 90 жылдардың
аяғына таман «Гүлмира» ЖШС-нің иелігіне өткен өзен жаға-