сі бар, орынды пікір. Кəдуілгіліктен аттаңқырап барып (əлі
дəстүрімізге енбей отырған), қазақ қыздары сонау заманнан-
ақ өздеріне пір санаған, үлгі-өнеге тұтқан Қыз Жібек есімін
лайық көре ме, əлде қазіргі үрдіске салып, институтқа еңбегі
сіңген қайраткерін жөн деп таба ма, оны осы оқу орны ұжымы
мен тиісті орындар шеше жатар. Ал біз еліміздегі Қыз-
дар институтының осы күнге дейін атаусыз келгенін орынсыз
дер едік...
Шынында да, Қыздар институты қандай болуы керек?
•
Біз жалпылама ғана айтып өткен ұсыныстардан гөрі нақтырақ
ой-пікірді, бəлкім, қаламында қанаты бар ақын-жазушылар
мен қалың оқырманның өздері айтар.
Біздің мақсатымыз да сол – көкейде жатқан ой-пікірлерді
•
тірілтіп, көңілдерге сəуле салу. Қайсыбір мəселеде болмасын,
айналаға ояу көз, сергек көңілмен қарар уақыт жеткен сияқты.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 27 шілде, 1990 жыл