Page 238 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

238
жылдығына орай Көкшетау қаласында өткізілген фестиваль-
де тағы да бас жүлде алып келдік. Ол енді режиссеріміз Жа-
нат Хаджиевтің еңбегі екенін атап айтуымыз керек. Ол қазір
Қазақстандағы алдыңғы қатарлы бірден-бір режиссеріміз бо-
лып отыр. Ойлы режиссер, спектакльге үлкен əзірлікпен, бап-
пен келетін адам. Бұл – бір, екінші – мұнда ұжымның еңбегі
айрықша көрінді. Актерларымыз бен режиссерларымыз бір
мақсатпенжұмыла кіріскен соң, осындайнəтижелерге қолжетіп
отыр. Мына театрға деген жаңа көзқарас – күрделі жөндеудің
жолға қойылуы, қызметкерлеріміздің жалақыларының өсуі
психологиялық жағынан да өз əсерін тигізген болуы керек. Үкі-
метіміз оң қабақ танытып, қолдау көрсетіп отырған жерде біз де
актерларымыздан жұмыстың сапалы болуын талап ете аламыз.
Мысалы, айналдырған 4 жылдың ішінде актерларымыздың
жалақысы 3-есе өсті. 2001 жылы он екі мың алатын болса,
қазір олардың еңбекақысы 36-37 мыңға дейін көтерілді. Жас-
тар театрына көрсетілген жанашырлық болуы керек, басқа
академиялық театрлар қатарында бізді де ең жоғары категория-
ға өткізді.
Үкімет осындай қамқорлық танытып отырған
соң, жасыратыны жоқ, біз де актерлардан жақсы жұмыс
талап ете бастадық.
Соның нəтижесінде жақсы табыстарға
қол жеткізе алдық. «Тұрымтайдай ұл еді» қойылымымыз фес-
тивальден бас жүлде алып қайтты. Негізі, оны біз триптих деп
қойып отырмыз. Ол жалғасын табуы мүмкін.
Жалпы, еліміздің ел болуына, жеріміздің көз қарашығын-
дай сақталуына, өркеніміздің өсуіне ерекше еңбегі сіңіп, ай-
рықша қаһармандық танытқан белгілі тұлғаларымыз бар емес
пе (Абылай хан, Абай, Шоқан сияқты), соларды театрымыздың
бағыт-бағдарына сай етіп, жастық шақтарынан көрініс бере-
тіндей қойылымдарды, жаңағы, «Тұрымтайдай ұл еді» спек-
такліміз соның алғашқы қарлығашы деуге болады.
Екінші спектакліміз – ұлы Абайдың жастық шағына арна-
лып, Мұқаңның «Абай жолының» бірінші кітабы бойынша жа-
салған қойылым. Ол дайын тұр, жақын уақытта көрерменде-
рімізге ұсынамыз. Үшіншісі, қазір жұмыс үстінде, пьесасы
əзірленіп жатыр.