226
əлдеқайда төмен Қырғызстанды алыңыз. Солардың өзі өздері-
нің Жазушылар одағын қайта біріктіріп, мемлекет қамқорлы-
ғына алды. Ол жайдан-жай істеліп отырған іс емес.
Кеңес үкіметі кезінде əдебиетті насихаттау бюросы ашыл-
ған-ды. Меніңше, Үкімет қаулысымен осы бюроны қайта
дүниеге əкелу керек. Сонда Үкімет бір оқпен екі қоян ата-
ды. Ол үшін ешқандай ақша кетпейді, оның штатында бар-
жоғы 4 – 5 адам жұмыс істейді. Оның есесіне біздің жазу-
шылар іссапарларға шығып, шаруа қожалықтарымен, зауыт-
фабрикалармен келісім-шарт жасап, оқырмандармен кездесе-
ді. Əдебиет халыққа жақындайды жəне Үкіметке қаржы түседі.
«Қазақ əдебиеті» газеті мен «Жұлдыз», «Простор» жур-
налдарына Қазақстан Жазушылар одағы құрылтайшылардың
бірі. Оларды құр тіркей салған, оларда одақ басшылығының
ықпалы жоқтың қасы. Сондықтан Жазушылар одағының өзінің
баспасөзі, баспасы болуы керек.
Жеке баспалар есебінен
əдебиетте сұрғылт тасқындар көбейді. Кімнің қалтасы қа-
лың, кез келген кітапты шығарып жатыр. Ал, енді Жазу-
шылар одағының баспасы болса, баспасөзі болса, соның
жанынан кеңес құрып, нашар шығармаларды сүзгіден
өткізіп, талқылап отырар еді.
Бұл орайда Нұрлан Оразалин-
ге рахмет айтуымыз қажет. «Əдебиет айдыны» газеті дүниеге
келіп отыр. Əдеби газет қанша болса да көптік етпейді. Мыса-
лы, Ресейде қаншама əдеби-мəдени газет бар, қаншама сыйлық
бар. Олар соның өзін азсынып отыр. Жазушылар одағын сынап,
басшыларын тобықтан қаға бергеннен іс оңға баспайды. Көп
болып қолдағанда ғана оның жұлдызы жанады.
Президентіміз
мəдени мұра туралы бағдарлама қабылдады. Осыған бө-
лініп жатқан қаржы қайда кетіп жатыр, қандай жұмыс
істелуде, соның алғашқы қарлығаштары көрінуі керек
қой.
Ол əлі жоқ. Бізде Президент жақсы бастамалар бастайды,
қалғандары жалғастыра алмай жарты жолдан тастайды, іліп
əкету жоқ.
Айта берсе əңгіме көп. Мəселен, кейбір елдерде мынандай
тəжірибе бар. Жақсы жазып жүрген белгілі жазушыларды,
жақсы жобаларды үлкен өндіріс орындарына бекітеді. Солар-