Page 225 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

225
бөлмейінше, ісіміз алға баспайды, онсыз біз жеке ұлт, жеке мем-
лекет бола алмаймыз. Сондықтан, тіліміз мемлекетіміздің тіре-
гі болуы керек. Көп ұзамай соған қол жетер деген сенімдемін.
– Сəбит аға, енді, əдебиет, мəдениет саласындағы проб-
лемаларға қатысты ой бөліссек.
– Құдайға шүкір, бүгінде еліміздің экономикасы өсті. Бір
кезде мұнайдың бір баррелі 9 доллар еді, қазір 50 долларға жет-
ті. Соның өзінде де біз əлі көп нəрсені жасай алмай отырмыз.
Мəселен, соғыс кезінде ашылған Қаныш Сəтбаев іргетасын
қалаған, одақбойыншаүлкендемықтыакадемияныңбірі болған
Ұлттық Ғылым академиясының халықтың тұрмысы түзелген
кезде өзінің статусынан айрылып, қоғамдық ұйымға айна-
луы қателік деп ойлаймын. Өкініштісі, академияны қоғамдық
ұйымға айналдыру туралы ұсынысқа біздің академиктеріміз-
дің бəрі қол қойыпты. Жалғыз Айтжан Абдуллин ғана бас
тартқан. Бұл ұсынысты айтқан зиялы қауымның өздері де кінə-
лі. Нобель сыйлығының лауреаты, академик Жорес Алферов
Лев Арцимовичтің: «Дін мен Ғылым академиясын реформа-
лауға жатпайды» деген сөзін жиі қайталайды.
Мəдениет туралы заң қабылданайын деп жатыр, оның жо-
басы газеттерде жарияланды. Жалпы алғанда, бұл заң керек,
тұтас алып қарағанда, дұрыс жасалған заң. Бірақ, осы заңның
бірнеше кемшілігі бар. Біріншіден, мұнда шығармашылық
одақтар заңмен қорғалмаған, олардың статустары айтылмаған.
Бір ғана мысал.
Кеңес өкіметі кезінде «Жазушылар одағы»
деген мəртебесі болған. Соған байланысты оның өзінің
баспасөз орталығы болды да, оған мемлекет қамқорлық
жасады. Ал қазір ол бар-жоғы қоғамдық бірлестік болып
қалды. Төмендегені соншалықты, ит өсіретін кинолог-
тар қоғамы деген сияқтылармен бірдей болып тұр. Ол
түбірінен қате. Жазушылар одағы – бүкіл шығармашылық
одақтардың қара шаңырағы. Мүмкіндік болса, барлық
шығармашылық одақтарды, ол қиын болса жоқ деген-
де Жазушылар одағының өз мəртебесін қайтарып оны
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру керек.
Қалай де-
сек те сол күйінде қалдыруға болмайды. Бізден экономикасы