185
біз де мүдделіміз. Елшігімізді екінші үйлеріңіздей көріп, келіп
араласып тұруларыңызды қалаймын.
«Түркістан» газеті, 13 қаңтар, 1999 жыл
ТІРКЕУГЕ ТҰРУ ТАУҚЫМЕТТЕН АРЫЛА МА?
ҚР Ішкі істер министрлігінің назарына
Тəуелсіз ел азаматтарына лайық төлқұжат алып, еңсе-
міз бір көтеріліп қалғандай болды. Əрі қолайлы, əрі əдемі
кішкентай ғана жеке бастың куəлігін төс қалтаңа салып ал
да, еліміз ішінде сайран салып жүре бер, ешкімнің ешқандай
шатағы жоқ. Мұның бəрі дұрыс-ау, бірақ біздің азаматта-
рымыз бар өмірін тек қыдырумен ғана өткізбейтін шығар.
Отбасы жағдайы, қызмет бабы сияқты əртүрлі себептер-
мен де бір жерден екінші жерге орын ауыстырулары мүмкін
емес пе? Əбден мүмкін. Ендеше, осындай жағдайларда біздің
төлқұжатымыз (куəлік) қандай артықшылықтарға ие бола
алады?
(Жалпы, төлқұжат пен жеке бастың куəлігі еліміз
ішінде бір мəн-мазмұнда айтылып жүретіндіктен, екеуі
синоним сөздер сияқты)
. КСРО-ның қызыл төлқұжатын
пайдаланып жүрген кездегі тіркеуден шығу, тіркеуге тұру
сарсаңдарынан арылдық па? Біздіңше, керісінше, екі есе қиын-
датып тастағандаймыз.
Алматыға жаңадан келген бір танысымның басынан өткен
жағдай оған мысал болатындай.
«Мен сон-а-ау алыстағы ауылдан ат арытып келіп отырғам
жоқ. Қазір арытып келер ат қайда?! Басынан биі кеткен, асынан
күйі кеткен жалаңаш ауылдан, амалсыз, арып келіп отырған
өзім ғана.
Көз көргеннің аты – көз көрген, Алматыдағы дос-жаран-
дарымның арқасында жалақысы тəуір, жап-жақсыжұмыс табы-
ла кеткенде, қуаныштан жүрегім жарыла жаздады. Төлқұжатты