Page 175 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

175
бəрін зерттеуші – сана. Ендеше, барлық тəуелсіздігіміздің басы
санадан басталады.
Біздің санамыз тəуелсіз бе? Бұл сұраққа жауапты арғы бас-
таудан алып, Алладан əңгіме өрбітіп жіберуге де болар. Бірақ,
біз ол төңіректегі сөзді қозғауға əлі ерте болғандықтан, Жердегі
«үй-ішілік» мəселемізге келейік.
Сана кəдімгі компьютер сияқты. О баста жасалған бағдар-
лама шегінде дербес жұмыс жасайды. Не жазсаң, не қабылда-
саң – соны оқыта, көрсете аласың. Ал, қоғам – интернет желісі.
Бірі бірімен жалғасып, сана өзара ақпарат алмасып жатады.
Ақпарат алмасу жаулауға ұласса, сана тəуелсіздіктен айыры-
лады. Бұл жағы бізде қалай?
Тəуелсіздігіміз жайында, оның жеңістері, жемістері жай-
ында мақтана да, шаттана да жазуға болатын жайларымыз аз
емес. Оның бəрі – халықтың көз алдында өтіп жатқан дүние-
лер. Тəуба айтып сүйсінер қауынштарымыз əрбіріміздің жүре-
гімізді жылытып, көңіл төрінде сақтала берсін. Жоғымыз
түгенделмейінше, мазасыз күй кеше беретіндігіміз рас қой.
Қуана тұрып, ойлана білген адамның қуанышы ұзағырақ бола-
ды. Ойланып көрейік.
1917 жылғы Қазан төңкерсі 25 – 26 күндері бір түнде Кеңес
өкіметін орнатса, Қазақстан тəуелсіздігін орнатқан «төңкеріс»
бес жылға созылды. Əбден нығайып алған империяны жеңу
оңайға соққан жоқ. Еліміз тəуелсіздігі туралы сөз қозғағанда,
ең алдымен, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ойға оралады.
(Көтеріліс пен төңкеріс екі түрлі жағдайды аңғартса керек.
Көтеріліс, көбіне, халық санасы дамуының нəтижесінде бола-
ды. Ал, төңкеріс – белгілі бір топтың өз мақсаты жолындағы
күресінің жемісі. Бұл – сананың табиғи дамуы емес, сыртқы
фактордың əсері). Сана жайындағы əңгімені де осыдан бас-
тайық.Олүшінкезінде,1987жылы24қаңтарда«Известия»газетінде
жарияланған «Паутина» атты мақаладан (авторы – В.Щепоткин)
оймасөз (вырезка) алып отырғанымыз дұрыс сияқты.
«Процесс подбора кадров не по деловым качествам, а по
родственному признаку быстро распространился на многие
стороны жизни»