Page 174 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

174
деңгейінде, болашақ мақсаттарымызға орай келісілген үлкен іс
құт-береке əкелсін де.
«Түркістан» газеті, 09.12.1998 жыл
«ШЫРМАУЫҚ» МАҚСАТЫ – САНАНЫШЫРМАУ ЕДІ
«Известия» газетінде Желтоқсан оқиғасына орай
жазылған В.Щепоткиннің
«Шырмауық» («Паутина» мақаласының, 24 қаңтар,
1987 жыл) көздегені не еді?
Өз мағынасындағы тəуелсіздік 360 градустың бəрін қамти-
ды. Ендеше, мұндай шеңбер диаметрінің өзіндік өлшемі де бо-
лады. Кез-келген ел тəуелсіздігің шет-шегі болатындығы со-
дан. Саяси да, экономикалық та жағынан тəуелсіздік – ағайын
адамдардың алыс-берісі, қарым-қатынасы сияқты. Ол уақыт
түсірер сəулеге байланысты бірде олай, бірде бұлай. Оның
тетігі қазіргі таңда елбасылар мен үкіметтерде. Халықта деп
айтпауымыздың себебі бар: халық пен үкіметті бөліп қарауға
болмайды. Бірінсіз бірінің жоқтығы – табиғи заңдылық. Үкі-
меттің жетістігі – халықтың жетістігі, үкіметтің қателігі – оны
тудырған халықтың қателігі деп те түсінуге болады. Аспан-
нан түскен ешкім жоқ, бəрі де халықтың өз арасынан шығады.
Сондықтан да, үкімет пен халықты бір-біріне қарсы қоюдың
астарында, қашанда, өзге пиғыл, өзге ниет жатады. Əйтпесе,
жаны ашыған адам халықты айтысты-тартысты, дағдарысты
жолға итергеннен күшсалса керек.Футбол ойынына қосылғысы
келген адам өзінің доп тебе алатындығын халықпен емес, сол
фтуболшылармен ойнау арқылы дəделдей алады. Əңгіме ар-
насын басқа мəселеге аударғалы тұрған жоқпын. Үкімет пен
халықтың бір ағза екендігін айта отырып, тəуелсіздік аясындағы
ең негізгі мəселеге назар аударсақ деймін. Ол – сана тəуелсіздігі.
Нағыз тəуелсіздік, зəру тəуелсіздік осы болса керек. Адам Ал-
ладан кейін Санаға ғана тəуелді. Физикалық қозғалыстардың