Page 151 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

151
көңіліне берік орнап қалуы үшін орыс тіліне аударып, түсіндіре
кеткеннің де зияны жоқ.
Əңгіме соңында мектеп директоры Тілек Уəлиұлының айт-
қан ойын жалғастырғымыз келеді. Білім, Ғылым министрлік-
тері,Ы.Алтынсарин атындағыПедагогика ғылыми-зерттеу инс-
титуты жəне басқа да тиісті мекемелер мен қатысы бар жеке-
леген адамдар орыс мектептеріндегі қазақ тілінің оқытылуына
қайта бір зер салып, жаңа оқу бағдарламасы мен соған сəйкес
оқу құралдарын дайындауға күш салса! Көзін тапса, қозғалмай-
тын сең болмайтынына көз жеткен тəрізді.
Баланың баладан айырмасы жоқ. Орысша үйрене алған ба-
ланы қазақша үйренуге қабілетсіз санай алмайсыз. Мəселен,
ашықсабақтабелсенділіккөрсеткенГ.Ахмедшина,Ю.Денисова,
К.Мəмбетов, Н.Гавриш, А.Струнов, С.Гогуля, С.Исаева,
А.Черданцева сияқты ынталы да қабілетті оқушылар тілді үй-
ретуіміз жақсы болса, емін-еркін-ақ меңгеріп шығатынына сен-
діргендей. Барлық мəселе қалай үйретуде, кім үйретуде тұрған
болса керек.
«Түркістан» газеті, 25 – 31 наурыз, 1998 жыл
«....ШЫЛЫҚТАН» БЫЛЫҚ БОЛМАСА...
Қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен
№159 мектепте өткізілген семинар-мəжілістен соң
«Қараңдар, жарандар,
Осындай далам бар!»
деген əн жолдарындағы секілді, біздің елімізде мақтанышпен
атауға болатын мектептер де, ұстаздар да жоқ емес. Барымызды
бағалап, өзгелерге үлгі-өнеге ретінде насихаттай білгеніміз де
жөн. «Озат тəжірибе – көпке ортақ», «Үйренем десең, үлгі көп»
іспетті бастамалардың ұраншыл социализм кезінде туды деген
аты болмаса, ешбір ортаға, кез келген қоғамдық формацияға