150
Болашақта, негізгі, қазақ əдебиеті мен қазақ тарихын да қа-
зақ тілінде өткізуге күш салынғаны мақұл. Оған əлі ертелеу
болғанымен, əзірлікке кірісе беруге əбден болады.
Қазақ тілінің оқытушысы Кəрма Маманқызы ҒАЛИЕ-
ВА:
– Мен осы мектепте бұрыннан бері келе жатқан оқыту-
шымын. Бұрын не кабинеті жоқ, не бөлінер уақыт жоқ, не көң-
іл бөлу жоқ болатын. Талай рет жетімдік дəмін татып ем. Қазір,
құдайға шүкір, барлық жағдай жасалып-ақ отыр. Ендігі жерде
жаңаша жұмыс істеуге жоғарыдан бағдарлама, оқу құралдары
əзірленсе, оқытушыларымыз бəріне дайын.
Рас, бұл – наурыз айын тіл айы ретінде атап өту мақсатымен
де (қала əкімінің шешімі) жүргізіліп отырған кезекті ашық
сабақ. Яғни, мектеп оқушыларына əр сабақ сайын ойын ұйым-
дастырып, жазу-сызуды ұмытып кетті деген сөз емес. Сонымен
қазақ тілін жаңаша өткізудің ізденістері қандай ой туындатты,
енді соған көңіл бөлейік.
Біріншіден,
қазақ тілі қоғамдық ортада қажетсіз болып қал-
ып отырған қазіргі таңдағы біздің ең бірінші, басты мақсаты-
мыз – қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, өзара ауызекі
сөйлесуге қол жеткізу. Грамматиканың айналасынан шыға
алмаудың тиімсіз екендігін өмір көрсетіп отыр. Сондықтан,
1 – 4 сынып аралығында барынша ауызша сөйлеуге үйретуге
күш салу керек. Жазылу, оқылу ережелерін жоғары сыныптар-
да негіздеп үйрете алсақ та, тақиямызға тар келмес деген ой-
дамыз.
Екіншіден,
ашық сабақта аздап байқалып қалып отырған
жанкүйер-оқушылардың ойын жарысынан сырт қалып қойма-
уын қадағалап отырған жөн.
Үшіншіден,
өзіміз куə болған сабақтағыдай, қазақ балала-
рын өзге ұлт өкілдері балаларының арасына теңдей бөліп
отырғызу жаттығудың жылдамырақ əрі түсініктірек болатын-
дығын көрсетті. Тіл үйретуге балалардың өзін де пайдалану жақ-
сы нəтижелер беретін сияқты.
Төртіншіден,
сабақ барысында тілге жеңіл, ұғымы айқын
жұмбақ, жаңылтпаштар қатарын пайдаланған дұрыс. Оқушы